Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  230


Автор: Серікбай Оспанов

Кеше жүрген ақ адал...

Кеше жүрген ақ адал


Болды талай адам кір.


Жанның бәрі жарадар,


Жылататын заман бұл.


 


Құдай деген құр қалды,


Базар кезіп балаң жүр.


Қулар мен кіл сұмдарды


Ұнататын заман бұл.


 


Батып жүрмін кіл мұңға,


Жарқыл қағып жаман жүр.


Байқамасаң құрдымға


Құлататын заман бұл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу