Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  96


Автор: Серікбай Оспанов

Інілеріме

Ассалаумағалайкүм, ой, аға! – деп,


Болмай ма сәлем берсе, балаға әдеп.


Кезінде талай аға пана болған,


Мені енді, сен де, інім, саяла кеп.


 


Халқыма көрінсем де сан қырымнан,


Болса да кездерім көп тәнті қылған.


Жүрісті теңге-жеңге құтаймады,


Алып тұр аз да болса, ақылымнан.


 


Жастықтың қойды бүйір түртетіні,


Қасықтың еске түсіп жүр кетігі...


Қарттық та келіп қалды,


Інілерден


Сәлем ғой үлкендердің күтетіні.


 


Өтіпті күндер ағып,


Күтпейді екен,


Бойларын ә дегенше тіктейді өркен.


Оп-оңай іні болу, еркелейсің,


Үлкендік үлкен міндет жүктейді екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу