07.06.2023
235
Автор: Серікбай Оспанов
Күн күлімдеп шықпаса...
Күн күлімдеп шықпаса,
Жер қалады қабарып.
Ай –
Күн нұрын жұтпаса,
Көрінбейді ағарып.
Жанар қонған шық талға
Таңғы арайлы шақтарда.
Құлпырады бұлттар да
Күн шығып, күн батқанда.
Егін бітік шығуы
Байланысты жауынға.
Онсыз қиын тұруы
Жайнап бақша-баудың да.
Ана болды маған Күн,
Қарасты алыс-жақын да.
Асын ішіп адалдың
Болып өстім ақын да.
Күннің көзі түспесе
Жарқылдамас алтын да.
Бақыты –
Бар Адамның
Адамның махаббатында!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook |
VK |
WhatsApp |
Telegram |
Twitter
Пікір жазу