04.06.2023
  219


Автор: Әкелер күні

Әкелердің күні жалғап таңымды

Бүгін шаттық,  арайымен тербеді,
Әкелердің күні жалғап таңымды.
Әкелерім аман жүрші әрдайым,
Арнап бізге,  отбасыңа барыңды.

Әкелердің күні бүгін құтты боп,
Жақсылықты жалғасыншы жақсыға.
Әкелерім жүзіңізден нұр кетпей,
Бақ орнасын таусылмайтын басыңа.

Немере сүй,  шөбере сүй Әкелер,
Қуанышта атып әрбір таңдарың.
Жаратқаным жар болсын деп сіздерге,
Шын жүректен бар жақсыны арнадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу