Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2023
82
Біздің Шилі жаралған құс бағына...
Біздің Шилі жаралған құс бағына,
Өзен-көлі айналған құштарына,
Қарау ғажап аққудың жүзгеніне,
Суды сызып қонғаны, ұшқанына.
Күн қызуы жерде өртпен кеп тоғысып,
Қапырық боп тұр маңай көптен ысып.
Аққу қонды айдынға
Мен сүйген қыз
Ақ бантигі секілді кеткен ұшып.
Еске түсті бір кезгі арман ізгі,
Аппақ ару – сол арман алға жүзді.
Жасаурайды жанарым
Таба алмай қап
Ұшқанда аққу соңында қалған ізді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter