Өлеңдер ✍️

  08.03.2023
  1172


Автор: Айдар Сайлауов

АЛҒЫС


Өмір дейтін бір ғажайып жіп ескен,
Қапы қалмас адал еңбек үлестен.
Уақыттың өзіменен күрескен,
Жаны жайсаң ағайынға мың алғыс!

Айналайын ең ардақты есімнен,
Оза білген заман атты көшіңнен,
Шәкірттерін білім-шыңға өсірген,
Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!

Вирусқа да, басқаға да қарамай,
Еңбек етті, әрбір сөзін саралай.
Сондықтан да ақылшының жаны арай.
Ақ халатты дәрігерге мың алғыс!

Ән мен күйі тебіренткен, тербеген.
Шабыттанса шыңнан асып өрлеген.
Өнерімен жан-жүректі емдеген
Өр рухты өнерпазға мың алғыс!

Өмір жолын өнеге деп ұйғарған,
Көңілінде тек жақсылық жиналған.
Еліменен бірге жаны қиналған,
Жомарт жүрек жақсыларға мың алғыс!

Дала жайнап, бұлбұл әнге салғанда,
Тілек тілеп, айтылады арман да.
Наурыз күні шуақ шашар бар маңға,
Қарға тамыр қазағыма мың алғыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Зайнаб
Зайнаб 01.03.2026 21:37
өте керемет өлең екен

Пікір жазу