Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  492


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Шаршауым

Шарықтағанда көңіл ойларым


Жабырқағанда сені ойладым


Өзің едің ау қозғаушы күшім


Тілеуші едің жақсы болғанын


 


Артқа кетуде асқақ арманым


Кім тілер дейсің артта қалғанын


Сенің қалауың алтын болсада


Ақымақ ару менің талғамым


 


Жалығып жүрмін қадір қашудан


Көңіл мұңайып, жаным қажыған


Іздеме мені, ертеңгі күннен


Өткен күндерден өзім табылам


 


Отау құрдымда әке атандым


Жемтік атанып тағдыр қаталдың


Маған ақсақал ақ жол тілеген


Қай жеңілтектің батасын алдың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу