Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  359


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Алып-сатар ұлдарыма хат

(Барлык аналардың атынан)



Өтуде күндер. арада,
Сөздерім кетті далаға.
Арандап бара жатырсың,
Шамала қарғам, шамала!
Айтқаным өтпей санаңа,
Уайым кірді мамаңа.
Пайдақор болмай-ақ қойшы,
Дұшпаным, досым табалар.


Араммен мені бақпашы,
Он есе қымбат сатпашы.
«Тоқ жүрерсің тек жүрсең»,


Сүтімді солай ақташы.
Не болып жүр өзіңе,
Көрінбей жүрсің көзіме.
Күйініп жүрген жайым бар,
Айтылған жүрттың сөзіне.
Жүрсінші, балам, жадыңда,
Бақпадың балмен демейін.
Қартайған мына шағымда,
Арамнан тамақ жемейін.
Жыламай өткен ақын жоқ,
Сүрінбей өткен пақыр жоқ.
Айтатын кезім жетіп тұр,
Айтпауға саған қақым жоқ.
Еліңнің барлық адалын,
Шет елге тасып жүр дейді.
Айтқаны қарғам ананың,
Санаңа қалай кірмейді.
Бір ғана сенсің демеймін,
Коммерсант қаулап көбейді.
Малымның басы шақталды,
Құрбанға немді төлеймін.
Тоқтату айту жақсы ағым,
Дер кезінде қақсадым. Қақсатқан
заман қазақты, Не пәлеге бастадың.
Адамға бір кез тойым бар,
Арандауды қойыңдар.
Тоқтамасаң айтқанға,
Алдыңда қара тойың бар.
Түрмесең құлақ сөзіме,
Көрінбе, балам, көзіме.
Далаға сауып сүтімді,
Өкіріп кетем көріме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу