Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  195


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Жарайсындар, кырандар!

Әлемдік жұдырықты бастап қатты,
Боксерлер ел мерейін асқақтатты.
Кездескен қыйлы-қыйлы қиындықтар,
Қырандардың жігерін жасқатпапты.
Шынығып келе жатқан қырандарым,
Құп болды елдің атын шығарғаның.
Рухын асқақ тұтқан еліміздің,
Тағы да орындалды бір арманы.
Бұл жеңіс Астанаға шашу болды,
Кеуде қаққан елдерге басу болды.
Баптауларың біршама кем болғанмен,
Жеңістерге айқын жол ашу болды.
Ел болып, Елбасы боп қызықтадық,
Зор атақ - екініші орын, ұмытпалық.
Атағы алыс кеткен талай елдер,
Жатқанда кұрамадан шығып қалып.
Өз елін мойындатқан шет елге де,
Көруін Елбасының бекер деме.
Ортада жан күйер боп отыруы,
Жіберді ел рухын көтермелеп.
Байқалды кей жігіттің аз баптары,
Жеңілді жеңіп кете жаздап барып.
Састырды дегенменен біздің ерлер,
Қубалық алты-жеті марқасқаны.


Сайыста еселері кеткенімен,
Тағынды күміс медаль шеттерінен.
Сүйекке жеткізбеуге күшін салды,
Намысы өткенімен еттерінен.
Сендерді бапкерлерің қалай шыңдар,
Күтіп тұр алдарыңда талай сындар.
Жеңіс алды алынған екінші орын,
Жарайсыңдар, қырандар, жарайсыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу