03.10.2022
  79


Автор: Ертай Ашықбаев

ДАЛАДАҒЫ ТЕЛЕСКОП

Киіз үйдің түндігінен
Ашық аспан емінеді.
Жымыңдасқан бір-бірімен
Жұлдыздары көрінеді.
Сырын ойлап әр аңыздың,
Жұлдыз санап жүрдік, тегі.
Телескобы даламыздың —
Киіз үйдің түндіктері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу