Тәтті шай

Тәтті шай — бұл дәстүр Оңтүстік Қазақстанда кейінгі кезде енген. Құда шақыру дәстүрін той болғаннан кейін екі-үш жылдан кейін жасайтын екі жақты құдалар бірін-бірі тәтті шайға шақырады. Екі жақтың бір біріне жақындары келеді. Бұл шақырудың мақсаты — туысқан болғандықты білдіреді. Дастарқан басынан бірге дәм татып, бір-бірімен танысады. Ойындар ойнап, би биленеді. Үлкендері шүйіркелесіп, әңгімелерін айтып, жақынырақ танысады. Мұндай кездесулерде киіт берілмейді. Екі жақ бірін-бірі осылай шақыруына болады. Қошемет көрсетіп, шығарып саларларында жолаяқ жасайды. Дастарқаннан сарқыт салып беріп жатады. Мұндай кездесулер туысқандықты берік етеді. Қазақ халқы құдасын құдайындай сыйлайды. Осы сыйластығын осындай кездесулерде көрсетеді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: