Мұхаммед Салих

Мұхаммед Салих (өзб. Му аммад Соли ) – өзбек оппозициясының жетекшісі, сүргіндегі ақын, аудармашы және саясаткер. 1949 жылы 20 желтоқсанда Өзбекстанның Хорезм облысы, Үргеніш қаласында дүниеге келген.

1966 жылы орта мектепті бітіріп, 1968 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылады. Әскери борышын Чехословакияда өтеген Мұхаммед Салих мұнда әйгілі «Прага көктемінің» куәсі болады. «Прага оқиғасы» небәрі 18 жаста болған Мұхаммед Салихтің санасында із қалдырып, кеңестік жүйенің әділетті жүйе екеніне күмәнмен қарай бастауына себеп болады. 1970 жылы әскерден оралып, сол жылы Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне қабылданады. 1975 жылы аталған оқу орнын тәмамдайды. Мұнымен қоса, 1979 жылы Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын оқып бітірген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: