Шерубай Құрманбайұлы

Шерубай Құрманбайұлы (27 қараша 1964, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы) – мемлекет және қоғам қайраткері, тіл маманы, филология ғылымының докторы (1999), профессор (2001), ҚР ҰҒА академигі (2020).

Шерубай Құрманбайұлы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Шалкөде ауылында туған. Классик жазушы Бердібек Соқпақбаев, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, Сағат Әшімбаев, Баққожа Мұқай мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды және тағы басқа қазақтың біртуар қайраткерлері дүниеге келген киелі өңірдің тумасы болғандықтан ол жастайынан әдебиет пен шығармашылыққа қызығып өсті. Болашақ филолог бастауыш сыныптан бастап Мұқағали туып өскен Қарасаз ауылында оқыды. Мектеп қабырғасында жүргенде аудандық «Советтік шекара» және республикалық «Қазақстан пионері» (кейін «Ұлан» болып өзгерген) газеттеріне өлеңдері мен шағын мақалалары жарияланды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: