Тарих | АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.
Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын.
Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АТБАСАР ӨҢІРІ

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Елімізге белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы 2007 жылы 23 тамызында «Астана хабары» газетінде «Менің ақындық тұсауымды кескен Мұқағали» атты сұхбатында: «Міржақып Дулатов төрт жыл Атбасарда тұрған. Ол жайында Гүлнар апайдың жазбаларында бар. Атбасар Алаштың орталығы болған», - деген тамаша бір пікір көзіме оттай басылды. Осы пікірді анықтай түсейін деген мақсатпен Секеңмен кездесіп пікір алыстым. Ұмытпасам «Жұлдыз» журналының 1993 жығы 3-і не 4-ші санында ма екен. Атбасарда тұрып жатқан Міржақып Дулатовтың Қарсақпай жағына бармақшы болғанда қасына атқышы болып Серік болған. Жол жағдайын жақсы білетін қарт адамның естелігі жарияланды. Естелікте М.Дулатов пен Атбасардан шыққан олар жолшыбай Қарақытын жағымен жақсы көң бойында отырған елге соққандарын, бұл өңірдегі көптеген адамдардың Міржақыпты жақсы қарсы алғандығы туралы әңгімелейді.
Секеңнің жоғарыда айтылған пікірін жандандыра кететін бір жай, 1915 жылдың күз айында Атбасарлық оқыған зиялы бір топ азаматтары бір-екі ай дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы бойынша жасалған пьесаны сахнаға қояды. Бұл кез I дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқан кезі. Соғыста ауыр шығынға ұшыраған патша үкіметіне көмек көрсету мақсатында ел ішінде шаралар жүргізіліп жатқан кез. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір деректі келтіре кеткенді орынды ғой деп есептедім. «Алаш қозғалысы» атты жинақтың (Алаш қозғалысы, 2 том, 2005), 2-томында (430 бет) Х.Р.Сүтішевтің «Из политической истории г.Атбасара» деген мақаласында 1915 жылдың маусым айында М. Дулатов Атбасар қаласына келіп, Атбасардағы полицей басқармасында жұмыс істейтін – Мешінбаев Сыздық деген азаматтың үйіне тоқтағанын, ол үйге кеңеске шақырылғандардың тізімі айтылады, қаралған мәселелер туралы айта келе: «По окончания совещания Мешнбаев говорить Майкутову: Дайте Ваше слово, что вы будете помогать М.Дулатову, который специально приехал от имени лидера-нашего уважаемого Букейханова Алихана, который в данное время находиться в г. Москве. Он уже договорился с некоторыми министрами, царской и Государственный Думой, которые уже обещали ему, что по окончании войны все будет сделано для киргизского населения» (том 2, 131 бет) (астын сызған біз – Б.Х.) – деген жолдар бар. ....
Рефераттар
Толық

тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҮЙІНІ МҰСТАФА ШОҚАЙ

Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.
Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда.
Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық.
Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда.
Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін.
Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ МҰРАТЫ ОТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ НЕГІЗДЕУШІ КҮШ

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.
Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз.
Есімізге олардың:
Арғы атам – ер түрік
Біз – қазақ еліміз, -
деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар:
Азаматы Алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,
деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар.
XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея.
Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді.
Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.

Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр
басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің
шыңдалу мектебі болды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алаш партиясы

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Атап айтқанда: Қазан университетін бітірген Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Садық Аманжолов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедовтер, Петербург университетінің түлектері: Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Халел Досмұхамедовтер еді. Осылардың барлығы «Алаш» туы астында бірікті.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі болшевиктер ұсынған кеңестік даму бағытымен қатар дүниеге келді. Сондықтан да Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» бастары сыйған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алаш арыстары басшылыққа алған ұлттық даму бағыты жайында: «... олар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді» - деп жазады.
Сол сияқты Алаш партиясының қатарына қандай адамдар қабылданады деген пікірге байланысты «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.
Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады. Алдымен жергілікті жұртты орналастырып алып, содан кейін переселендерге кірісу керектігін, қазаққа мал жайылымы үшін қалдырылған жерді енді жаңа заң бойынша орысқа ұзақ жылға жалға берілмектігін айтып, өз жеріне өзі жат болған қазақ тірлігіне ара түседі [2,300 301]. Ұлт қайраткері Әлиханның халқының тағдырына түбегейлі кірісуі сан тарапты қызметінен көрінді. Ол қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын ғылыми тұрғыда зерттеп, пайымдау үстінде, экспедиция құрамында қазақ жерінің біраз өлкелерін аралап, зерттеу жүргізеді. Мұның ар жағында қазақтың шежіре тарихына терең бойлап, ондағы әрбір рудың, жүздердің орналасу жүйесін анықтайды. Ә.Бөкейхан осындай белгілі бір мақсатты нысан еткен жұмыстарды тындырған соң, елге келіп қоныстанып жатқан переселендердің жай күйін зерделеп, олардың шаруашылық жағдайларының тиімді, тиімсіз жақтарына экономикалық тұрғыда сараптау жасайды. Яғни Әлихан қазақтың тарихындағы мәнді тұстарды әбден саралап, өз дәлел, тұжырымдарын ғылыми айғақтармен бекіте алған.
Қазақтың жер мәселесіне байланысты белсенді қызмет еткен тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Өзінің саналы ғұмырын халқының жоғын түгендеуге арнаған Мұстафа Петербор университетінің студенті болып жүргенде ақ, жерлестерінің арыз шағымдарына араласып, мұқтаж істеріне қол ұшын беріп отырған. Халқының ұлттық мүддесін жоғары қойған М.Шоқай елінің бостандыққа жетуін аңсады.
Баспасөз өркендеп, сөз пәрмені күшейген кезде, басылым беттерінде қоғамдық саяси өмірде жасалған, жасалып жатқан өзгерістер мен іс әрекеттерге жан жақты пайымдаулар жасалып, көзқарастар қалыптаса бастады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ

Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер.
Осы бір айдың көлемінде ХХ ғасыр басында Алаш қаласы атанған Семейде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық, Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай дүбірлі мәдени шаралар өткенін өздеріңіз білесіздер.
Шәкәрімге арналған мерейтойда Семей қаласының орталық саябағында оған ескерткіш ашылып, отандық ғылымдағы тұңғыш жеке тұлғаға арналған «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының алғашқы алты кітабының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Келген қонақтар тарапынан жақсы бағасын алды. Бұларды санамалап айтып отырған себебім, аталған еңбектердің дүниеге келуіне бүгінгі жиынға қатысып отырған ғалымдардың көбінің атсалысқанын атап өткім келеді.
Сондай-ақ Семейде өткен Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғылыми-мәдени шаралар аясында алда істелер іргелі жұмыстардың жобасы айқындалды. Олардың басым бағыттарын «Алаш» энциклопедиясын дайындау, 100 томдық «Алаш қаласының кітапханасы» сериясы бойынша Алаш алыптарының еңбектері мен шығармаларын дайындау, тағысын тағылар. Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректоры Мейір Ескендіров, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті ректоры Шырын Құрманбаеваның үш жақты келісімінің арқасында жоғары оқу орындары аралық Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға елімізде тұңғыш ескерткіш орнатылды.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, осыдан бес жыл бұрын біз «Алаш – Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен едік. Академик Рымғали Нұрғалидың басшылығымен «Алаш» энциклопедиясының сөзтізбесі болып дайындалған еді. Аумалы-төкпелі кезеңде ол бастама өзгеріске түскен болатын. Алаш – қазақ санасында берік орын алған қасиетті макроұғым болғандықтан келешекте Алаш философиясы метағылым деңгейіне көтерілетіндіктен бұл мәселе қайта айналып келіп алдымыздан шыға берері сөзсіз. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі» - десе [2]
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – авториторизмге негізделген болшевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алашорда» үкіметін құрып, ұлттық-аймақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы – тұл, алтын дегені – күл еді. «Алаш» партиясынсыз саяси күрес тарихын, «Алашорда» үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, «Алаш автономиясынсыз» Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру мүмкін емес [3].
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. ....
Рефераттар
Толық

Тарих| Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы біз не білеміз

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын.

“Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария. Со­дан кейін ол кісі бізге мейірлене көз тастап: “Ал, сендер, балаларым, алда-жалда батыр бабаларың туралы естіген-білгендерің болса – ұрпаққа естелік қалдырыңдар, зиратын тапсаңдар, басына барып дұға оқып, кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын біздің атымыздан салыңдар. Сонда бабаларыңның аруағы бір аунап түсері хақ!”, деп аталық аманатын айтушы еді. Бұл сөзді кейінірек Қаратай Тұрысов, Мекембай Омаров ағаларымыз да еске алып, қостап-қолдап, қуаттап жүретін.

Одан бері де көп уақыт өтті. Талай су ағып, бірталай дүние өзгерді. Ұрпақтың алмасуы, қоғамның ауысуы болды. Қайда жүрсем де ауыл ақсақалы аманат еткен сол бір сөз құлағымнан кетпей қойды. “Шанышқылы Бердіқожа батыр! Ол кім? Қандай батыр, несімен батыр болған? Неге шанышқылы деп тұтас рудың атын батырға қосарлап айтады? Қазақ еліне қандай еңбегі сіңген? Тарихта бар болса, жерін жаудан қорғаса, ерлік көрсетсе – неге есімі Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және тағы сол секілді батырлардың қатарында аталмайды? Зираты қайда? Ұрпақтары неге үнсіз?” деген сауалдар жан-жағымнан үздіксіз қаумалап, үнемі мазалап жүретін. Әсіресе соңғы кездері: “Неден бастау керек? Кімге бару қажет?” – деп жиі ойланатынмын. Мұның жауабы бір күні табылды.

2005 жылдың 22 шілдесі болатын. Қызметтен келіп, әдеттегідей “Егемен Қазақстан” газетін оқи бастадым. Онда филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің “Байғозы батыр” атты көлемді дүниесі жарық көріпті. Оқып отырып төбем көкке бір елі жетпей қалды. Таптым! Табылды!

Мақалада шанышқылы Бердіқожа батыр туралы ғалым – қаламгер ағамыз бір рет емес, үш жерде ерекше атап көрсетіпті. Төмендегі жолдарды жүрегім толқып, сірә, он-жиырма рет оқыған шығармын. “Байғозы батыр өз кезегінде ... керей Жарылғап, әлтеке Жидебай, шанышқылы Бердіқожа, шапырашты Наурызбай, уақ Баян, албан Райымбек сияқты батырлармен жорықтас жолдас, төс тигізген дос-құрдас болады. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сөзі еске түседі, – деп жалғастырады ғалым. — “Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, көкжарлы көкжал Барақ... шанышқылы Бердіқожа, сырым Малайсары... балтакерей Тұрсынбай, тарақты Байғозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай жәдігерден Жауғаш, Биғаш, бөрі тонды бөрте атты, бөрі бас Орманшы, ақсары Шотана, қозған Биікше мерген, қарауылшысы әлтеке Жидебай, уақ Баян. Бұл айтылған батырлардың бәрі де Ербекейше бұзау жарып батыр атанған емес, жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар...

Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда сырым Малайсары да бар еді, шанышқылы Бердіқожа да бар еді, – депті Мәшһүр Жүсіп”.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ХV ғасыр ортасында шаңырақ көтерген Қазақ мемлекетінің күні бүгінге дейін сабақтастығы мен жалғастығы үзілмеген төл тарихы әлденеше Астананы аспандатқаны ұлттық санамызда, бабаларымыздан жеткен рухани мұрада өшпес із қалдырды. Бастау-бұлағына көз жіберсек, бұл әріден келе жатқан дәстүр екен. Елорданы қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің Астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдаған ғой.
Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн-жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып жібере алмапты. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білген халық, жатқа телмірген жадағай қаланы Қыз Жібек пен Баян сұлудың моншағындай ару шаһарға айналдырған халық, түптеп келгенде, мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді.
Мықтылардың әлсіздерді өзіне қаратып алуының әлемдік тәжірбиесіне көз жүгіртсек, бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан оңайға соқпаған. Миллиондардың қанын мойнына артқан кеңестік тоталитарлық жүйені былай қойғанда, өзін өркениетті, ізгілікті санайтын Еуропаның Англия, Франция, Португалия сияқты отарлаушылары Индиядан, Алжирден, Египеттен айрылмау үшін небір құйтырқы саясатқа, зорлық-зомбылыққа барғанын қария тарих жақсы біледі. Ендеше, баршаға жайлы жаңа тұрпаттағы қоғам орнатуға уәде бергенмен, діттеген мақсатына жетпей, айықпас қайшылықтардан титықтағанына қоса қатыгездігі шектен шыққан КОКП мен Кеңес Одағы уысынан аман-есен босағанымыз – біріншіден, тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз.
Азаттық туын көтерген сәттен жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Саяси жүйені, экономикалық қатынастарды, мәдени-рухани құндылықтарды, заңнамаларды, ішкі-сыртқы саясатты тәуелсіздік мүддесіне жүгіндіру, тарих тағылымы мен заманауи талаптары биігіне көтеру, сол арқылы елдің табиғи-ырғақты даму жолын табу, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кескінімізбен кірігу – бәрі бір сәтте алдан шықты. Бұған өтпелі дәуір қиыншылықтары қосылды. Ескі қоғам ығысып орнын бере қоймаған, жаңа қоғам әлі толық орнықпаған ғасырлар тоғысында, қазақ халқы ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?», «Кім кімді жеңеді?» сұрағына жауап ұсынғандар елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені әлі есімізде. ....
Рефераттар
Толық

Тарих| АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Алаяқтық құрамының негізгі белгілері

Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс.
Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.
Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді. [3]
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ. [9]
Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. ....
Рефераттар
Толық

Математика | Алгоритмнің жазылу түрлері

XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады :
1) бастапқы бөлімдері болады,
2) атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс,
3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт,
4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс,
5) алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек.
Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз.
1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.
4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу.
5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу.
6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Алдын алу шаралары

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млнға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Иңдияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік -батысына, орталық және оңтүстік – шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте ласталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соның 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық кұрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901,1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен- жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғышын тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.
Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өріс алған. Эпизоотия түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Индоқытайда, Африканың экватория аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада кездесіп тұрады. Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы уақыттарда Азия, Африка, Америка, Франция, Испания, Италия порттық қалаларыңда
болып жүр. Біздің Қазақстанда сирек кездеседі. Көбінесе Арал аумағының құмдарында, Қызылқұммен Мойынкұмдарда құмтышқанмен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп, олардың денесінен оба қоздырғышы табылып тұрады. Осы жұмыстарды Арал, Ақтөбе, Оңүстік Қазақстан, Атырау обаға қарсы станциялары өз уақытысында анықтап оба ауруының қоздырғьшттарын табылған жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді Тышқаңдардың ініне түрлі улы заттар тастап, оларды өлтіреді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға қарсы институтта тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Александр Блоктың өмірі

А.А.Блок(16.11.1880-07.08.1921)ақын,драматург. Әкесі Варшава университетінің профессоры, философ. Анасы –А.А.Бекетова балалар жазушысы, аудармашы. Блоктың ата-аналары болашақ ақын туылғанға дейін ажырасып кеткен, кейіннен ол анасының отбасында тәрбиеленді. Олар Петербургтың профессорлар отбасыларының біріне жататын еді.
Атасы А.Н.Бекетов атақты орыс ботанигі,бірнеше уақыт бойы Петербург университетінің ректоры болған, әжесі және барлық қыздары әдебиетпен арналасқан, шығармалар жазып, аударған ал оардың біреуі (Е.А.Краснова) өзінің өлеңдер жинағы үшін академиялық шақыруға ие болған. Ақын ретінде Блок ғұрыпқа айналған орыс классикалық әдебиетінің негізінде қаланды. Бекетовтер отбасында діннің элементтерні де бар ед,ол өнерді бағалы категориясы сияқты болды.Ақындық жолдың басында оған В. А. Жуковскийдің мистикалық романтизмі «Менің алғашқы талаптандырған ұстазым, Жуковский» болды.
Теоретикалық философиялық доктриналардың орыс Блоктың романнизм поэзиясы өнер символизмнің принциптеріне кіреді. Оның білімінің түйіні қазіргі әлемнен шығатынан теократия патшалығы туралы арман, ол ашу мен қасіретке толы, бірақта кейіннен әлемдік жанмен, мәңгілік жамен сақталады. Олар әдеміліктің, жақсылықтың және гармонияның синтезі болады, барлық тіршіліктің бастамасы. Бұл бұлбұлдық тақырып Блоктың ертедегі өлеңдеріндегі негіз еді, оның алғашқы «Стихи о прекрасной Даме» (1904) атты өлеңдер кітабынын көруге болады. Өлеңнің негізгі қалыңдығына деген нағыз махаббатында, кейннен поэттің әйеліне Л.Д.Менделееваға (әйгілі химик Д.И.Менделеевтің қызы) арналған лирикалық тақырып Соловьевтің идеалдық құдіретті махаббат тақырыбында әуенді болды.
«Стихи о Прекрасной Даме» атты өлеңі шыққаннан кейін Блок символистер арасында орталық орынды алды. Блоктың кітабында эстетика символы анық көрінеді.....
Рефераттар
Толық

Химия | Алкогольдар спирттар

Этил спиртінің құрылысы Бұл класс қосылыстарының құрылыс ерекшеліектерін олардың өкілі-этил мысалы бойынша анықтаймыз.
Этил спирті С2Н6О -өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, судан жеңіл 78,3° С температурада қайнайды, суда жақси ериді және өзі көптеген бейорганикалық және органикалық заттарға еріткіш бола алады.
-Этил спиртінің молекулалық формуласын және оның құрамындағы элементтердің валенттіліктерін біле отырып, спирттің құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады:

Н Н Н Н
Н-С-О-С-Н (1) Н-С-С-О-Н (2)
Н Н Н Н
Осы екі формуланың қайсысы этил спирті молекуласының құрылысына сай келеді?
Формуланы салыстыра келіп, егер бұлардың біріншісін дұрыс көміртегі атомдарымен қосылысып, қасиеттері жағынан бірдей болатынын байқаған болар едік. Егер екінші формула дұрыс десек, онда молекуладағы сутегінің бір атомы көміртегі атомына оттегі арқылы қосылып, бұл сутегі атомының қасиеті басқаларынан өзгеше болатынын тәжірибе арқылы тексеруге де болады екен.
Спирт құйылған пробиркаға бір түйір натрии салайық. Газ бөліп шығара жүретін реакция бірден басталады. Бұдан бөлініп шығып жатқан газдың сутегі екенін анықтау қиын емес. Тағы бір қиынырақ тәжірибе жәрдемімен спирттің әр молекуласынан сутегінің неше атомы бөлініп шығатынын анықтауға болады. Ішінде натриидің ұсақ түйірі бар колбаға воронкадан тамшылатып белгілі мөлшерде, мысалы, 0,1 (4,6)

спирт құяйық. Спирттен бөлініп шыққан сутегі екі мойынды шөлмектегі суды цилиндрге ығыстырып шығарады. Цилиндрге ығысып шыққан судың көлеміне сәйкес келеді.....
Рефераттар
Толық

Экология | Алматы қаласының экологиялық болмысы

Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың «еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа – жанға дауа». деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.....
Рефераттар
Толық

Экология | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда.
Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн.
Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.
Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды.
170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/ ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЛТЫН АДАМҒА ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛСЕК

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт-қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?”, – деп, қын¬жыла ескерткен болатын.
Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр¬гізілген археологиялық жұ¬мыс¬¬тарға көңілі толмайтыны ай¬қын аңғарылады. Алайда Елба¬сы¬ның сол ескертпесін қатаң бас¬шы¬лыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Ал¬маты облысының Есік қаласы¬на жа¬қын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Ал¬тын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Еги¬пет¬тегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екін¬ші үлкен ғылыми жаңалық¬қа” лайық ұлттық шара жасай ал¬ған жоқ едік. Енді, міне, “Мә¬дени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көле¬мінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың!
Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойлас¬тыр¬ған жөн. Ол үшін ең әуелі, ме¬ніңше, Президент айтқандай, мұ¬ның “құрылыс емес, ғылыми жұ¬мыс” екенін есте ұстау қажет. Сон¬дықтан, қорық-мұражайды са¬лу жұмысымен қабат оның ғы¬лы¬ми-зерттеу жағын да тереңде¬туге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде таны¬тып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті кө¬мегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз.
Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға кел¬тірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бес¬шатыр келесі жағында жатыр. Қа¬зір ғалымдар екеуін де сақ дәуі¬рі¬нің ескерткіші дейді. Бес¬ша¬тырда ғалым К.Ақышевтың ай¬туынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл ара¬лығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұра¬ды: дәліз, ауызғы бөлме, қа¬бір”, – дей келіп ( “Ертедегі ес¬керт¬¬кіштер елесі”. Алматы, 1976. 31-бет)., “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиг¬ра¬хаудалар тобына жататын тай¬па¬лардың қасиетті герросы бол¬ған¬дығына (патшалары мен кө¬сем¬дерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды (Сонда, 38-бет). Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Алтын жүлде

Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына сүйеніп жүреміз. Әрине, оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ, өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе? Өкінішке қарай, бұл жағы бізде олқылау. Ойлап қарасақ, біздің тарихымыз халқымыздың ауыз әдебиетінде, өлең-жырларында, әдет-ғұрыпында тілі мен салтында екен. Олар біздің тарихымыздың өте ертеден келе жатқанын байқатады. Қазақта “Ұлы Ұрымға (Рим), қызы Қырымға қонды”, яғни, алысқа кетті деген мағынаны білдіретін сөз бар. Бұл бір замандарда біздің арғы бабаларымыз бүкіл жер шарын шарлағанын көр­сетеді. Немесе, “Барған жерің Балқан тау, ол да біздің көрген тау” деген сөз тіркесін алайықшы. Бұл да жоғарыда айтылған ойды айқындай түсетін сияқты.

Мұсылмандарда басқа діндердегі сияқты “ақырзаман” бар. Ислам дінінде ол “Тажал” болып суреттеледі. Сол діни аңызда ол былай бейнеленеді. “Тажал” “Қойқап” тауының ар жағында тұрады. Ол “ақырзаман” боп келу үшін сол тауды түнімен жалап шығады –мыс. Тау әбден тесілуге айналғанда, әлемде “азан” шақырған дауыс шықса болды Қойқап тауы қайтадан бітеліп қалады. Олай болса, Тажал келмес үшін азан айту тоқталмауы керек. Бұл идеологиялық діни аңыз. Сонда айтылған Қойқап тауы деген, ол Қарпат таулары емес пе? Өйткені, Қарпат тауларының ар жағы христиан дінді ел. Олар Шығысқа крест жорықтарын жасаған перғауындар елі, “Мысыр” қаласы деген ұғымдар “Мың бір түнде” де кездеседі. Шынында перғауын ұғымы исламнан бұрын белгілі болса керек. Сірә, одан да бұрын айтылып жүрген. Сондағы перғауынә деген сөз фараон ұғымы екені анық. Ертедегі түркі тілінде аталған жер атауларында да көп мән-мағына бар, Мәселен, Үлкен Ене-Лена, Халқын – Гол-Халық көлі. Орал тауларының атауы да оралып өт, әйтпесе тура жүре алмайсың деген сияқты түркі сөздерінен туындаған.

Осы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығаруға болады. Бірі – әр жердің атауы, сол жерлерге жақын тұрған елдің тілінде туындайтыны. Батыс аймақта тұра­тындар Батыс жерлеріне ат қойған болса, Шығыста тұрғандар сол Шығыс жерлеріне ат қойып отырған. Мәселен, “Ене Сай”, (Енисей), “Бай көл”, (Байкал) деген атауларды өмірге әкелген скифтер емес. “Балкан”, “Карпат” деген аттарды қойған да алтайлықтар болмаса керек. Ал енді Балкан, Қарпат тауларына жақын тұрып, ол жердің тау-тасына, өзен-көліне қанық болғандар-көшпелі скифтер. Олардың мекендеген аймағы Қара теңіздің солтүстігі екені белгілі. Екінші, сол замандарда батыста да, шығыста да, орталықта да тұрған көшпелілер тек бір тілде ғана сөйлеген. Айталық, “Алтау ала болса!..”, “Аяз, әліңді біл...”деген сияқты мақалдарды айтқан Майқы би екені белгілі. Бүгін ғана айтылғандай көрінетін сөздерді қолданған Майқы би біздің заманымыздың басында Сыр бойында өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда Алтайдан Карпатқа дейінгі бүкіл континент, яғни кең аймақты жайлаған көшпелілер, оның ішінде скифтер де түркі тілінде сөйлегендігін айқындатады. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін дәйектер өте көп, тек соларды зерттеп, талдау қажет.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.

1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.

Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.

Сөйтіп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғысхан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен Бұхараға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.

1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастаған әскер Шыңғысханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 көкекте монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219-1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алтын Орданың құрылуы

Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы қлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жақынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т.б. кірді. Мұнда монңолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы "татарлар" деген атау алды.
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толықымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — кұрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатылық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер басқалар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, бақадүрлер төмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алтын Орда

Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Алтынайұлы Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс - шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).

Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарсай батыр туған.

Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.

Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдіің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлар қатарында Қарасай да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген.....
Рефераттар
Толық