Тарих | Алтын Орданың құрылуы
Алтын Орданың қоғамдық құрылымы.
Алтын Орда- көп ұлтты мемлекет. Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар- қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Отырықшы халқы - Еділ бұлғарлары (қазіргі қазан татарларының арғы тегі), мордвалар, орыстар, хорезмдіктер т.б. Моңғолдар аз болды. XIII-XIV ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын "татарлар" деп атаған. Тілі - қыпшақ тілі.
XIVF. АЛТЫН Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның "Яса" заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы Қана хан болып сайланды.
Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы - сұлтандар
Ордада ұлыстың жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Он қанат - Батый хан билігі. Сол қанат - Орда Ежен ханның билігі (Жошының үлкен баласы). Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді.
Басқару кұрылымы:
• Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Жоғарғы Үкімет билігінің жоғары органы. Құрылтайда хан жариялау және таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Моңғол ақсүйектерінің ұлыстардағы жиналыстары Шағатай ұлысында жыл сайын шағырылып, "той" деп аталды (Ибн Баттута).
• Диван (диуан) - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. Басқарушысы - уәзір, хатшылары - бітікші.
• Беклербек - әскерді және дипломатиялық істерді басқарушы.
• Мүлік - азаматтық басақру билігін жүргізушілер (түрік әулетінен).
• Даругтер, басқақтар - бағынышты елдерді басқарушы және салық жинаушылар.
• Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -әскербасылар.
Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен және орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізді.
Феодалдық жер иелену түрлері: Інжу - Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер. Сойырғал - әскер немесе азаматтың қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйқға берілген үлестік жер.
Вакф - мұсылман дінбасыларының жері. Мильк - жер иеленудің жеке меншік түрі.
Тарханды - үлестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы.
Салықтың 20-ға жуық түрі енгізілді: Тақар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салық. Ұшыр - мал салығы.
Харадж - егіншілерден жиналатын салық. Зекет - дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен саудагешерге де салынды. Аваиз - төтенше салық.
Әскери міндеткерлік - 10 түтіннен 1 жауынгер алынды
Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы.
XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды.
Батый хан тұсында (1227-1255 ж.ж.) Алтын Орда Моңғол империясына тәуелді болды.
Берке хан (1257-1267 ж.ж.) тұсында тәуелсіздігін жариялады.
Мөңке хан (1267-1280 ж.ж.) өз атынан теңге шықарды.
• 1260 жыл - Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.
XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек (1312-1342 ж.ж.) және Жәнібек (1342-1357 ж.ж.) хандар тұсында мемлекет күшейді: Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
• 1312 жыл - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
50 - ж. ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін "Ұлы дүрбелең (апат)" басталды. 1357-1380 жылдары билік үшін кересте 25 хан ауысты.
• 1380 жыл - Куликово шайқасында төменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.
Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395 ж.) Алтын Ордаға хан болды. Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап, Мәскеуді өртеді. Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389, 1391, 1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады. Алтын Орда билеушілерінің, езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі.
Алтын Орда саяси тарихы және басқару жүйесі
1227 ж. Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.
Со жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жерін, одан әрі Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі княздіктері талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236— 1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Теменгі жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді, Еділдің төменгі бойына қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы— Шығыс Дешті-Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері. Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстың Батый аламандары күйреткен княздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады. Орыс кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының қолы-нан "кінәздік құруға жарлық" алады, алым-салық төлейді, бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап қалады.
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп аталады. Орыс шежірелерінде "Орда" немесе "татарға", "татардан" деген сөздер қолданылған. Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде), кейінірек — Сарай-Берке қалалары болған.
Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын. Моңғолдардың өздері тіпті аз еді. XIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы "татарлар" деп аталды.
Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақ-сүйектердің жалпы жииалысы-құрылтай шақырылатын болған. Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты беклербегі басқарған. Атқарушы өкіметтің орталық орыны — Диуан басында уәзірі тұрған. Қалалар мен бағынышты ұлыстарға. Даруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті — алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан отбасының мүшелері атқарған. Іpi-ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадұрлар әскербасы-теменбасы, мыңбасы, жүзбасы болып тағайындалған.
Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылады. Батудың тұсында Жошы ұлысы екі бөлімге — он және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзінде әртүрлі екі мемлекет болатын. Оның (ұлыстың) оң қанатын Батудың өзі және оның мұрагерлері басқарады. Сол қанатқа Жошының үлкең ұлы Орда Ежен (Ичен) басшылық етеді. Әуелгі кезде Алтын Орда моңғолдың ұлы ханына қарайтын. Бірақ 1260 ж. шамасында Монғол, империясы іс жүзінде тәуелсіз ұлыстарға бөлінеді. Алтын Орда Батудың інісі Беркеханның (1256— 1266 жж.) тұсында дербес мемлекетке айналады. Одан кейінгі Менгухан (1266—1280 жж.) өз теңгесін шекіп шығарып, шағатайлық Хайдудың ұлы хан Хұбылайға қарсылығын қолдап отырды. Алтын Орданың тарихы ішкі өзара қырқыстар мен орыс кінәздарына, Кавказдың аржағындағы Иран Хұлағуы ұрпақтарына, Алтын Ордадан XIV F. 60-жж. бас кезінде бөлініп кеткен Ақ орда және Хорезм билеушілеріне қарсы жүргізілген тыиымсыз соғыстарға толы. Алтын Орда XIV ғ. І-жартысында, әсіресе Өзбекханның (1312—1342 жж.) және оның мирасқоры Жәнібектің (1342—1357 жж.) тұсында толысып, құдырет-күшіне енеді. Хандар өкіметінің күшейгені құрылтай шақыруды тоқтатудан, биліктің біраз орталықтанған сипатынан байқалады. 1312 ж. Өзбекхан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялайды. Түрік-моңголдың дала мәдениеті Еділ бойы (бұлғар халқы) мен Орта Азияның (Хорезм) мұсылмандық дәстүрі ықпалымен исламданып үлгереді.
ХІҮ ғ. екінші жартысынан бастап Алтын Орданы алты бақан алауыздық әлсірете бастайды. 1357 ж. мен 1380 ж. арасында Алтын Орда тәж-тағына ие болғaн 25 хан ауысады. 1380 ж. Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 ж. Мәскеуді өртейді, Мауараннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал, әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап, оны ойрандап кетеді. ....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?