Шығыс мәселесi

Дипломатияда және тарихи әдебиеттердiрде XVIII аяғы мен XX басындағы халықаралық қайшылықтарды белгiлеу шарты Балкан хандықтарының түрiк басымдығымен күресi, Осман Империясының құлдырауы мен ұлы державалардың түрiк иелiктерiн бөлу мақсатында күрестерiн айқындады:( Австрия (1867-Австро-Венгриямен)Ұлыбритания, Пруссия, (1871-Германиямен) Ресеймен, Италиямен, Франциямен, соңынан АҚШ-пен).
XVIII ғасырдығ аяғына таман Осман Империясының iшкi ыдырауының нәтижесiнде оның Еуропадағы иелiктерiн бөлу үшiн батыстың iрi-iрi державаларының арасындағы бiтiспес күресi басталды . Әр iрi держава өзiнiң талаптарын орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды . Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнiң Осман Империясында саяси және экономикалық ықпалын көбiрек болуына жол бермеуге тырысты . Ең өткiр қарама қайшылықтарды Түркия мемлекетiнiң Еуропалық иелiктерi туғызды .
Патшалық Ресей Империясы Константинополь қаласын иемденiп, Қара теңiзде және оған шығу үшiн бұғаздарда еркiн жүзу құқығын қамтамасыз ету үшiн қатыгез күрес жүргiздi . Оған қарсы бiрiншi кезекте Англия мен Франция мемлекеттерi қарсы шықты . Себебi бұл мемлекеттердiң бұғаздарға қатысты өздерiнiң жеке мақсаттары болды . Ресей Империясы мен батыс державаларының арасындағы қарама – қайшылықтарды Балкан халықтары да туғызды . Ресей Империясы Балкан халықтарындағы Түркия мемлекетiндегi үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық күресiн әрқашанда қолдап отырды. Ал Англия мен Франция мемлекеттерi керсiнше сұлтан үкiметiн ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы күресте қолдады. Себебi , Түркия мемлекеттерiнiң Балкан түбегi елдерiндегi үстемдiгi батыс державалар үшiн жергiлiктi халықты шексiз сауда қанауының келiсiм-шартта бекiтiлген капитуляциялық режим мен төменгi төменгi кедендiк төлемдердiң кепiлi болды. Сонымен бiрге Еуропалық капиталдың айналымында ең тиiмдi жағдайларды жасады. Ал егер Балкан халықтары Түркия мемлекттерiнiң үстемдiгiнен босап, дербес мемлекеттердi құратын болса, онда батыстың ұлы державаларының мұндай артықшылықтары жойылатын едi. Сондықтан да Англия мен Франция мемлекеттерi «Осман Империясының мызғымастығы мен бiртұтастығы» лозунгiн ұстануға тырысты. Бiрақ шын мәнiнде батыс державалары Түркияны Еуропалық капиталға экономикалық және саяси тәуелдi ету, мемлекетте феодалдық құрылысты сақтау, балкан халықтарының босатылуына кедергi жасау, сонымен қатар, Ресей Империясының Константинопольге қарай қозғалуын тоқтату үшiн барлық күшiн салды, бүкiл мүмкiндiктерi жасады.....
Рефераттар
Толық

ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.
Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады.
Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш ара салмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. ....
Рефераттар
Толық

ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК

Шақшақұлы Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молда кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оынң әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.
Атасы шақшақ Аманжолұлы – қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Есім Ташкентті шауып, Тұрсын ханды өлтіргенде Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан. Шақшақ жауға шапқанда арғынның ортақ ұраны «Ақжолды» айтпай, өз атасының атын атап: «Аманжолдап» шабады екен. Содан Аманжол Кіші жүз жақтағы арғындардың ұранына айналған. Жәнібек те жауға осы ұранмен шапқан. Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір боылп, еліне елеулі қызмет еткен тарихта орны бөлек ерен тұлға. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, үлкен қолбасшы Жәнібектің қарауында, қатардағы сарбаздардың бірі болған.....
Рефераттар
Толық

Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет” деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. ....
Рефераттар
Толық

Хақназар хан


Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

Түркістаным тұраным

Түркістан Қазақстан Республикасындағы тарихи қала, Иассы – Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық әкімдік аумағының орталығы. Сырдарияның оң жағалауында Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Халқының саны 90,3 мың адам. Қаланың іргетасы б.з. 1 мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2 мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 1819 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Қалада мақта тазалау, жем, кірпіш заттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, кәсіпорындар жұмыс істейді. С.Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» ашылды. 1991 жылы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланды. Юнеско шешіміміен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.....
Рефераттар
Толық

Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме

Қараханидттер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар. ....
Рефераттар
Толық

Түркі халықтарының мәдениеті және оның өкілдері

Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар. ....
Рефераттар
Толық

Түркі дәуірі

Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы