Математика | Алгоритмнің жазылу түрлері

Математика | Алгоритмнің жазылу түрлері

Алгоритмнің жазылу түрлері

XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады :
1) бастапқы бөлімдері болады,
2) атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс,
3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт,
4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс,
5) алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек.
Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз.
1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.
4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу.
5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу.
6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану.
Алгоритмдерді сабақтың әрбір сәтінде түрліше мақсатпен белгілі бір жаңа ұғымды енгізу, жаңа сабақты оқытып үйрету, жеке есептерді шығару, тақырыпты бекіту, өзіндік және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру, пысықтау, қайталау кездерінде және үй тапсырмаларын орындауда пайдалануға болады.
Санды өрнектердің мәндерін тапқанда амалдарды орындау тәртібінің мынадай ережелері қолданылады:
1) егер өрнекте жақшалар болмаса, онда жазылу тәртібі бойынша әуелі көбейту және бөлу, сонан кейін қосу мен азайту амалдары орындалады;
2) егер өрнекте жақшалар болса, онда әуелі жақшалар ішіндегі амалдар орындалады.
«Ең алдымен осылардың қайсысы пайдаланылатынын білу үшін не істеу керек?»— деген сұрақ қою арқылы, алгоритмнің бірінші қадамы анықталады. «Содан соң не істейміз? Ереженің қайсысын қолданамыз?»—деген сұрақтар арқылы алгоритмдегі шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты бірінші немесе екінші ережені қолдану керектігі айқындалады.
1. Өрнекте жақшалардың бары немесе жоғы анықталады.
2. Өрнекте жақшалар бар, онда:
а) жақша ішіндегі амалдар орындалады;
б) өрнекті басынан бастап қарап, көбейту мен бөлу орындалады;
в) өрнектің басынан бастап қарап, қосу мен азайту орындалады.
3) Өрнекте жақшалар жоқ, онда:
а) жазылу тәртібі бойынша көбейту мен бөлу орындалады;
б) жазылу реті бойынша қосу мен азайту орындалады.
Осындай ауызша жүргізілген қайталау жұмысының барысында оқушылар ережені жаттанды түрде қайталап қана қоймай, оны есептеулерде қолдану алгоритмін құрастыруды үйренеді. Осы жұмыстың нәтижесі төмендегі таблица (1-таблица) түрінде жалпыланып, кабинетке ілінеді.
1-таблица
Арифметикалық амалдарды қолдану тәрті
Өрнекте жақшалардың барын немесе жоғын анықтау
Таблицадағы алгоритмнің схемасын құрастыруға оқушылар тікелей қатынасқандықтан, санды және әріпті өрнектердің мәнін есептеп табу барысында оны дұрыс қолдануға бейімделеді.
Бұл алгоритмді сабақтың әр түрлі мезеттерінде қолдануға болады.
Ережені әріптермен жазып көрсетуге, формуланы пайдаланып, ондағы кез келген бір шаманың мәнін табу үшін орындалатын амалдар тізбегін құрастыруға жаттықтыратын мысалдар қарастырайық.
1 - м ы с а л. Тік төртбұрыштың ауданын есептеу. S = а • b формуласын (а әрпімен тік төртбұрыштың ұзындығы, b әрпімен ені, S әрпімен ауданы белгіленген) есептер шығаруға қолдану үшін оны рет-ретімен орындалатын нұсқаулар тізбегі түріне келтіріп алу керек, яғни:
1) тік төртбүрыштың ұзындығын анықтау;
2) тік төртбұрыштың енін анықтау;
3) тік төртбұрыштың ұзындығын еніне көбейту;
4) алынған көбейтіндіні тік төртбұрыштың ауданының мәні деп есептеу.
Жаттығуларды орындау барысында, әсіресе бастапқы кезде, осы алгоритм бұлжытпай қолданылады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?