» » » Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері

Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері

Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері казакша Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері на казахском языке
Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың
алғышарттары мен ғылыми-педагогикалық негіздері

Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:
- жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
- білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
- білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
- білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
- білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
- білімнің зиялылық сипаты;
- оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
- білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
- білім жүйесін ақпараттандыру.
Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [1.3 ].
Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған.
Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.
Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының қалыптасуына мен қатар ақпараттық мәдениеті қалыптастыру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2.18].
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені, бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [3.18].
Қазіргі кезеңде- жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы. Тұлғаның отбасылық, азаматтық құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отырылған кезең.
XXІ ғасырдың басындағы ғылыми революциялық жалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Жалпы дамуды түсінудегі негізгі екпін адамның өз қажетін өтеуге бағытталады және оған қалай жете алады, ол арқылы қандай нәтижеге жетеді деген сұрақтарды қанағаттандырады. Тек қана даму арқылы адам сапасы мен адамдық қабілетіліктің өзгеруіне қол жеткізе аламыз. Яғни, даму барысында адамгершілік қасиеттермен адам бойында жеткілікті деңгейде қалыптастырылады. [4.23].
Жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.
Болашақ маманның еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері:
1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;
2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;
3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;
4. ынтасын және қабілетін дамыту;
5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру.
Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Болашақ маманның еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, алдағы жұмысының кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасай білуі. Болашақ маман тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің бірі халық шаруашылығында электрониканы, радиотехниканы, компьютерлерді, автоматтарды, роботтарды т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізіг принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу:
А) білім деңгейі;
Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады. [5.19].....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 87 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері, реферат Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен, Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы