М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Аңызбен өрілген көркем сөз | Мектеп: | |||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 10 ҚГБ | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | М.Мағауин «Шақан - шері» романы | |||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.1 Көркем шығарманың тілі 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылардың барлығы: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажыратады; Оқушылардың көбі: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын талдайды; Оқушылардың кейбірі: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметіне талдау жасайды. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | «Шақан-шері» романындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын талдайды | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: торға түскен жолбарыс, шері, мерген, мылтық, т.б. Пән лексикасы және терминология: көркемдегіш құрал, айшықтау амалы, фигура, қайталау, градация, шендестіру, эллипсис, инверсия, параллелизм, т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша ..., мен оны былай түсіндіремін ... , себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын ..., мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам, ..., қорыта келе,... .... | |||||||||||||||||
Құндылықтар | адамгершілік | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | М.Мағауин «Шақан - шері» романы | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-8 9-10 | Қызығушылықты ояту С. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Берілген сурет бойынша не ойлайсыз? Жолбарыстың қандай қасиетін білесіз? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ұсынылған суреттерді теңеу, эпитет, метафора, портрет, мінездеуді қолданып, сипаттайтады. Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды. Мұғалім сыныпты теңеу, эпитет, метафора, портрет пен мінездеу, пейзаж сөздерімен 5 топқа бөледі. | презентация | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
11 - 18 19 - 32 33-36 | Мағынаны тану С. «Қарлы кесек» әдісі Мұғалім шығарманың тіліне талдау жасатпас бұрын айшықтау амалдары бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау тапсырмаларын ұйымдастырады. Мұғалім немесе оқушылардың өздері айшықтау амалдарының түрі жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол ұғымның мағынасын ашып, түсіндіруі керек. Қиындық туындаған жағдайда мұғалім қолдау көрсетеді. Мысалы:
Т. «Ізденіс» әдісі Мұғалім топтарға «Шақан-шері» романынан үзінділер мен соған лайықты тапсырмаларды таратып береді. 1-топ «Шақан-шері» романының «Бастау немесе эпилогқа кіріспе» бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (теңеу) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен теңеудің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар. 2-топ «Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының 1,2-бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (эпитет) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен эпитеттің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар. 3-топ «Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының 3-бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (метафора) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен метафораның жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар. 4-топ «Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының 4,5 - бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (портреттеу мен мінездеулер) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен портреттеу, мінездеулердің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар. 5-топ «Шақан-шері» романының «Жолбарыс жымы» тарауының 1,2 - бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (пейзаж) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен пейзаждың жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар. Топтық бағалау.
| презентация https://vk.com/doc168091444_301364379?hash=e4363418d075a5d89a&dl=8d7c76d74515b08d22 М.Мағауин «Шақан-шері» | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 |
| |||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | ||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. | ||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру