М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Аңызбен өрілген көркем сөз М.Мағауин «Шақан - шері» романы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.Б/С2 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру; | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шығармада көтерілген мәселелердің жаңашылдығы, мәселе, мәселені бағалау. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
| |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы | |||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары |
| |||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
| |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Оқу мақсатымен таныстыру. | слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 12 минут 5 минут 15 минут 5 минут |
Т. Оқушылар, негізінен, 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Берілген екі үзіндіні оқиды. 1-үзінді ...Аңшылар нысаналы түбек қамысты орағыта берген. Алдарынан ені мен көлденеңі алпыс-жетпіс қадамдай, ай сәулесі құйыла төгілген, аппақ далаң ашылды. Далаңның ортасынан ауа бере, арғы бетте көлденеңдей түсіп, атан өгіздей тарғыл мысық жатыр екен. Алдында теңкие қоқырайған жемтік. Қырсыққанда бұлар орағытқан күргей қамыстың іргесі су сойған жыра, төмпешікті түбіршек екен. – Алға! – деді Қара батыр жігіттерді асықтырып. Күрке екі-үш қадам артық жүрістен соң ғана жерге қонды. Амалсыздан. Бұл кезде жолбарыс бүйі шаққандай атып тұрған. Мойнын бұра бере аспанды қақырата ақырды. Содан соң бөксесі бұралып, алға қарай аттай түсті де, төрттағандай бере тағы арылдады. Сәл-пәл құныса шегіншектеп, жытыра қашуға ыңғайланған. Осы сәтте Тоқпанның ұшқыр жебесі де қапысыз ұрып еді. Жыртқыш ақыра аспанға шапшыды да құйрығымен бір жақ бүйірін салып қалып, жасыл көздері жарқ етіп, аңшыларға қарай екпіндей ұмтылды. Тоқпан екінші мәрте атып үлгеріп еді. Шері қақ маңдайдан күрзі соққандай төрт аяғымен бірдей табандап тұра қалды. – Алға, тегістеу жерге! – деді Қара батыр. – Іргеге берік болыңдар! Найза! Найзаға! Күрке жаңа жерге қонып үлгермеді. Құтырына өкіріп, сүріне ұмтылған жолбарыс оқ жыландай атқып, жойқын салмақпен үйшіктің қақ үстіне түскен. Айқаса қабатталып, айқыш-ұйқыш байланған уықтың әлденешеуі қатарынан сатырлай сынды. Өкси арылдаған жолбарыс құтырынған қимылмен табан астындағы қалың киізді жұлқылай шайнады. Уық сықырлай үгіліп, үйшіктің төбесі опырыла майысқан. Бірақ қалың киіз жыртылмады. Тәжірибелі жігіттер найза ұрмаған. – Дайындал! Бекем бол! Төрт тарапқа бірдей! – Қазір түседі!.. – Етекті басыңдар!– дескен бр-біріне күш бере сөйлеп. Кенет жолбарыс жерге ытқып түсті де, құйрығы шиырыла арылдап, үйшікті шыр айналды. Ашық жер таппаған соң дағдарғандай, мысық табандай шегініп, аз бөгелді. Содан соң төрт аяғын бауырына тартып, серіппедей шаншылған. Тор көз керегені тұп-тура ұрып еді. Үйшік сықырлай шайқалақтап, төңкеріле жығылуға шақ қалды. Бәлкім, төңкеріліп те түсер еді. Шерінің қатты серпіні кереге көзінен ұрмас бұрын кеудеден көк сүңгі қадалған. Найзасы жолбарысқа дөп келген жігіт серпінге шыдамай, қарсы қабырғаға ұшып түсті. Ызалы жыртқыш ышқына өкіріп, сағанаққа ауыз салған. Осы кезде тор көзден өтіп, тағы бір найза ұрылды. Жолбарыс жаңа алғаш қадалған, иесінің қолынан шығып кеткен найзаны сүйрете шегінді де тіксіне арылдап, қарыс сүйем жерден қаржи қырқып тастады. Сосын тағы да өндіршектей ұмтылған. Керегеге алғы екі аяғын тіреп, қауырсын жебе салбыраған қызыл тарғыл арқасы айға шағыла, аузынан қан шаша күркілдеп, торлы сағанақтарды қарш-қарш шайнайды. Қос бүйірден қатарласа, тағы да екі-үш найза ұрылды, қарсы алдынан селебе сілтенді. Өне бойын қан жапқан, омырауы дал-дұл, тайдай жобарыс қанша жерден шабақталып жатса да шегінбеген. Көздері ажал отын шашып, ұзындығы сынық сүйем, өткір, жуан азулары ақсия арылдай қан бүркіп, қолдарындағы қаруларын суық еппен қапысыз сілтеп жатқан екі аяқтыларды қалқалаған тор ағашты тынымсыз шайнай берді. Ақыры, қос табандай кергіген беті, алдыңғы екі сирағы кереге көзіне кептеліп, қабырғаға асылған күйі бір сәт бөгеліп қалып еді. Қара батыр қолтық түбінен найза салды да шірене итеріп, садағына дейін бойлата тықты. Мойны кілт тартылған жобарыс қанды аузы қарс ашылған қалпы, дірілдей серпіле бере, кенет оқыс босап, бүктеле құлады. Төбесі салбырай опырылған, бір жақ қанаты талқан болған көлеңкелі күрке ішінде өлі тыныштық орнады. Келер сәтте бойды құрсаған ауыр салмақ қапыл босап, екі иінінен дем ала ентіккен жігіттер жадырай күліскен. Күркенің іргесін көтере шығып, жаңа ғана қаншама жұртқа қатер төккен, енді төңірегін тегіс жентекті қанға бөктіріп, қимылсыз, тілсіз жатқан, ай жарығында сары тарғыл емес, үсті-басы әлеміш қоңыр бояу басқан, қызғылтым шұбар көрінген тайдай жолбарысқа сұқтана қарасты. Қай-қайсысының көңілінде де жеңіл кірбің, аз-маз аяныш бар еді. – Неткен ерлік! – деді алғаш найза ұған жігіт. – Апыр-ай, бір қайтпады-ау!.. – Әуелгі жебе құймышақ түбіне қадалыпты. Тіпті, жеңіл жара. Бас сауғалауы оп-оңай еді... – Кекшіл екен! – Мәрт десеңші! – Иә... – Қара батыр мұртын ширатып, жеңіл күрсінді. – Ер. Мәрт. Бірақ ерлік – еңсе жаздырып, мәрттік – мұратқа жеткізер заман өтіп кеткен. Қас батыр қазаға ұшырамақ. Қас жаман жан сауғаламақ. Өлі арыстаннан – тірі тышқан. Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қалың қамысы арасында. Қорлыққа көнбеді, басынғанға шыдамады – қарсы шапты, қазаға ұшырады. Жасанған жауға, жаңбырдай оққа қарсы ұмтыл – сен де жалпаңнан түсесің. – Сонда... қалай?.. – деп еді жас жігіттрдің бірі күмілжіп. – Осылай,– деді Қара батыр кеудесін кере бой жазып. – Қорғалап күн кешкен қорқаудан жасанған жауға қарсы шауып қаза тапқан жолбарыс артық. Қаншама қоян алдың, қайсысы есіңде. Ал мына жанкешті шеріні ұмытып көрші. Балаңның баласына айтып кетесің... Жүрек пен жасыннан жаралған жолбарыстың тұқымы құрыр күн де алыс емес!.. – деді сосын сәл мұңайып. (37-39-б.) 2-үзінді Шақанның беті жазылды. Қолы бітті. Көңілі жайланды, көкірегі кеңіді. Іші қайнап, жаңа қатер – тарғыл перімен бетпе-бет келетін, күш пен айла, дәт пен ерлік сынға түсетін айқас сәтіне асыққан. Күн құлақтанып туған, мұз құрсаулы теңіз үсті сарғыш мұнарға бөккен күндердің бірінде, ұлы сәскеде есігі айқара түрілген, ошағында қызара шалқып от жанған бес қанат ақ орда төрінде, күміс зерлі, үлкен қайың тегенені ортаға алған, қою, салқын қымыз үстінде өзін үш ай бойы бағып-қаққан, қалтқысыз сыйлаған ауыл ағасынан рұқсат сұрапеді. Атабек ақсақал жұдырығы түйілген екі қолымен тұқыра жер тіреп, үнсіз аз отырды. Мұртын сылап, ыдыс шетінен сыздықтай дәм алды да сөзін қайта сабақтады. – Сені алғаш көргендежолбарыс перісі Жауқашар атамның аруағы алдымнан шықты ма деп едім. Атаға жете туған сырттан екенсің. Адасып келген жоқсың, құдай айдап, аруақ жетелеп әкелді. Енді менің үйімнен безер жөнің жоқ. Тұрпатың – тумаса да туғандай. Мен сендей ұлға әке болуға жарамайтын жаман шал емеспін. Төріме төсегіңді сал. Бел балам бол. Асық жілік ұстатып, ат шаптырып той жасаймын. Ақ орда тігіп, атаулы еншіңді бөліп беремін. Ілгеріде қалың керей, артта сыңсыған найман – қалаған жерімнен қалыңдық ойнатып, келін түсірем. Ұрпақ, үрімің өз кіндігімнен өрген немере, шөберелермен араласып тең өседі. Асып жатса – менің мерейім, елдің қуанышы. Тәңірі тартқан сыбағаңнан безбе.Осы ошақтың басында қал, – деген. Бұл – Шақанның көңілімен аңдаған, көптен күткен сөзі еді, сонда да тосын естілді, ерекше толқытты. Ойланса, бүгежектеп бөгелсе, қарияның ырқынан шыға алмасын анық пайымдаған. Шұғыл әрі асығыс жауап берді.
Тек... Шақан тамағы түйіртпектеліп, сөйлей алмай қалды. Енді болмаса, еңіреп жылап, ақсақалдың аяғын құша жығылардай. Бар айтқанын құп табардай. Атабек Шақаннның көңіл-күйін кәміл таныды. Бірақ басқаша ұқты. Сирек ақ сақалды, қызыл шырайлы аққұба өңіне қан жүгіріп, жанарын төмен салып, бөгеліп қалды. – Әлде... – сосын тамағын кенеп, сабырлы, майда үнмен, – бөтен байыбың бар ма... Біздің... – Ақсақал мүлде қызарып кетті. – Біздің Арқа қыздары бұла өседі, ерке келеді... Қылықты, көрікті... – Жоқ!.. – деді Шақан. Даусы шығып кетті. – Мен... мен татымаймын! Көңілің көл екен, әке. Бірақ мен... мен – құдайдың қарғысына ұшыраған адаммын. Мен... мен тірі кісі емеспін, әке. Молам қазылған, сүйегім көмілген. Айтқам өзіңізге. Енді жазмыштан озмыш жоқ. Қашан жолбарысқа жем болғанша жалғыз жортам. Обалыңызға қалам, әке. Ұл болсам, отыра алмаймын, күйеу болсам, көндіге алмаймын. Қайғы арқалатам. Рұқсат бер, әке. Батаңды бер... – Оралып алдыңызға келем, – деді ақсақалдан бата алып, риза, қош айтысқан соң, көңілі босап. – Бес жылдан соң. Келмесем... жаназамды шығарып, құран оқытыңыз, әке...(82-б.) Тапсырма №1 Т. Төмендегі кестені толтырады.
Кері байланыс Топтар өздерінен кейінгі топтарға кестені береді. Барлық топтар жұмыспен танысады. Өздеріне ұнаған сөйлемдерді атап айтады, ұсыныс береді. Бағалау критерийі бойынша бағалайды. Тапсырма №2 «Пирамидалық талқылау» стратегиясы Әр топ үзінділердегі, өздері кестеге толтырған, мәселенің біреуін таңдайды. Сол мәселеге баға береді. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Олардың әрқайсысы өз бағаларын бір-бір торкөзге жеке-жеке жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарды саралап, жинақтап, ортақ бағаға келеді, оны қағаздың ортасына жазады, ойларын қорғайды. Кері байланыс Жұмыстарын қабырғаға іледі. Топтар жұмыстарды аралап қарап, комментарий береді. Бағалау критерийі бойынша бағалайды.
| Мұхтар Мағауин «Шақан-шері» романы Алматы «Атамұра» баспасы 2005 ж. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут | Мені ойландырған тапсырма... | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?