М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

М.Мағауин «Шақан - шері» романы

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.Б/С1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығарманы мазмұндас туындылармен салыстырады;

Көптеген оқушылар

  • мазмұндас туындыларды салыстыра бағалайды;

Кейбір оқушылар

  • мазмұндас туындылардың көркемдік құндылығын бағалайды.

Бағалау критерийлері

  • шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырады, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркемдік құндылықты бағалау

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шақан мен Құрмаш бойындағы құндылық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Мектеп құндылықтары

  • Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

  • Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындауға құрылған тапсырмаларды орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

3 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Оқу мақсатымен таныстыру.

«Сөзбен сурет» әдісі

Оқушылардың біреуі оқыған шығармасындағы немесе көрген фильміндегі аңды сиапаттап, 2-3 сөйлем айтады. Сынып оқушылары оның жасырған шығармасын табады. Әдіс келесі оқушымен жалғасады.

слайд

Сабақтың

ортасы

3 минут

10 минут

10 минут

10 минут

7 минут

Сынып М. Мағауиннің «Шақан-шері» романының үзіндісі мен М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының үзіндісін оқиды.

Шақан-шері

(үзінді)

 Тек бір жолы ғана тірі шөнжікке ұшырасты. Су жағасында, тал түбінде бұратылып жатыр екен. Шақан кәміл таныды. Қара жолағы аз, өте енсіз, қызыл сарыдан қоңыр күреңге бейім, өзгеше тұрпатты шөнжік. Сақина белдеулі шұп-шұбар құйрығы осыдан он шақты күн бұрын кесіліп еді. Қызыл шөнжік басын әрең көтеріп, сүйретіле қашпақ болды. Қолға алғанда қоқақтап аузын ашып, тістеуге, тыпырлай бұлқынып, тырнауға әрекеттенді. Шақан осының алдында ғана ұрып алған қырғауылдың ішін жарып, бауыр, жүрегін алып беріп еді. Ертеңіне тастап кетуге қимады. Мойнына жіп тағып, жетектеп алған. Апта бойы қасына ертіп жүрді. Әбден тойғызды. Бірақ өлтіре салуға қолы батпаған. Асырап алсам ба деген ой келіп еді. Тез жеріді. Жетекте жүрсе де жұғысар емес. Тамақты қолдан жемейді. Әліне қарамай, алыса кетуге бейім. Жарайды, үйренсін. Сонда қайтеді мұны? Жүгірген ит емес. Мінетін ат емес. Босатып қоя берген. Бірақ жетім шөнжік соңынан қалмады. Ерген де отырған. Күн емес. Апта емес. Ай бойы. Із қуып арттан жүреді. Баспалап алыста жатады. Орағытып алдан шығады. Қайткенде тым тақау келмейді. Ұзап та кетпейді. Шақан өткен жолына, ерулеген, қонған жеріне жем тастауды әдетке айналдырды. Ал күзге жақын Іле жағасындағы бітеу қамыс ішінен дөкей қабан атып берді. Бұл – қоштасқаны еді. Шөнжік мол етке еріксіз аялдамақ. Өзінің анасын өлтірген, енді амалсыз асыраушыға айналған Шақаннан көз жазбақ. Ар жағы... әрине, аштық, өлім.

Екі-үш күн бойы бүйрек-бауыры шымырлап, ұйқысы бұзылды. Қызыл шөнжік көз алдынан кетпей қойған. Тағы бір жыртқыштың көзін жойған жаңа айқастан соң ғана тыншыды.

 Бірақ ұмытпапты. Арада... қаншама заман өткен соң, желтоқсандағы алғашқы сонарда із кесті. Бедерлі, салмақты, дөп-дөңгелек. Толысқан арлан ізі. Көп ұзамай қуып жеткен. Тарғылы жоққа тән, тайдай қызыл шері. Жұқа, күпсек қар үстінде керіле басып, салпаңдай аяңдап барады... Арлан қалт тоқтады. Көлденеңдей бере, созылып тұра қалған. Сол кезде көрді. Құйрығы шолақ екен. Шақан... Қорбаңдай ұмтылып, ашыққа шықты. Шолақ жолбарыс кеудеге ұрғандай шегіншектей бере шабынып, ар ете түскен. Сабау құйрығы шолтаңдап, бүйірін қамшылап, қар шаша етпеттеген. Адамнан ығар түрі көрінбейді. Аралық жақын болса, бөгелмей атылатындай. Қазір де тұра ұмтылуға шақ жатыр.

Шақан тағы бірнеше қадам басты. Қызыл шері жылмия арылдаған қалпы орнынан көтеріле берген. Дәл осы сәтте жойқын мылтық та тарс атылды. Қарсы алдындағы көбік қар бұрқ еткен, жолбарыс секіре тұрып, ытқи қашты. Көздегені қате кетпеген Шақан өмірінде бірінші рет мүлт басыпты. Бірақ өкінген жоқ. Қуанған да жоқ. Таңырқаған. Өзінің мүлт ұрғанына емес. Баяғы жетім шөнжіктің тірі қалғанына. Әлде тәңірі асырады. Әлде ұялас үйір тапты. Қайткенде де, кешегі дәрменсіз, добал шөнжік бүгін қайратты, келбетті жыртқышқа айналған. Әккі, қу. Бәлкім, ағайындарының бәрінен қатерлі.

Шақан қызыл шолақ шеріні бұдан соң ұшыратпады. Тек осы жолы... құмға бет бұрған кезінде бір түйткіл тапқан. Ізіне түскен жолбарысы жатып, тыныстаған жерде құм бетінен доға сызық көріп еді. Шолақ құйрық таңбасы. Көре, біле тұра нық сенбеді. Қалай сенсін. Одан бері қаншама заман. Тіпті, қыстың қыраулы күндерінің бірінде шолақ шерімен кездейсоқ ұшырасқан суреттің өзі күңгірт. Еміс елеске, бұлдыр ертегіге айналған.

Енді, міне... бар екен. Рас екен. Әуелі енесінен айырған. Содан соң шолтитып құйрығын кескен. Кейін ақ қарда қақ басынан көздеп атқан. Кеше құмда ізіне түскен. Жаңа ғана бетпе-бет келді. Қызыл жолбарыстың, тоғайдағы, қамыстағы, құмдағы бар шерінің есесі түгенделетін сәт туды. Бір-ақ тарпитын еді. Оп-оңай боршалайтын еді. Тарпымады. Боршаламады. Таныды...

Таныды... Есіне түсті... Көп қиянаты емес, аз ғана жақсылығы. Дәмнен аттамады. Дәті бармады. Дұшпандығын біле тұра кеңшілік жасады. Жығылған жаудың кеудесінен түсті де жүре берді... Әлде... адам емес, аруақ екенін көрді ме...

Көксерек

(үзінді)

 Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.

 Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш – итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.

 Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.

 Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес...

 ...Түске жақын мезгіл еді. Жота-жотадан қарауыл салды. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Алыстан таныс иіс келіп, мұрнына жетті. Маңайға жалт-жалт қарап алып, қырдан-қырды, адырдан-адырды кезіп отырып, күнбатысқа қарай шырқап салды.

 Көп іздеді. Аяғында, күн кешке жақындағанда, бір жотаның басында шошайған аттылы қойшыны көрді. Айналасында, сол төбенің бетінде қой шашылып жайылып жүр. Теріп жеуге шашқан шашудай. Бірақ жақында ауыл бар. Алыстан ағындап бет түзеді. Жалғыз-ақ қарасын көріп қалған қойшы айғайды салып, бұған қарсы шапты.

 Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келіп қалып еді, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла беріп еді, қойшы бастырып қуып жөнелді.

 Бой салып қорқып қашқан жоқ. Содан ба, болмаса тегі жүйрік пе, әйтеуір боз ат бастырмалатып жетіп келіп, Көксеректің жотасына жеңіл ағаш сарт етіп тиіп қалды.

  Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып, аттыға қарай "арс!" етіп шапшып қалды. Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді. Ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. Соны бөксеріп жұлып түскенде, боз ат осқырып атқып кетті.

 Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Көксеректе кәзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды.

 Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені — сол...

Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен.

Тапсырма №1

Т. М. Мағауиннің «Шақан-шері» романының үзіндісі мен М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының үзіндісіндегі кейіпкерлерді салыстырыңыздар.

Кейіпкерлер

Үзіндінің басында

Үзіндінің

соңында

Шөнжік

Көксерек

Шақан

Құрмаш

Кері байланыс

Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін, жеребе арқылы кейіпкерлерді суырады. Өздеріне түскен кейіпкерлер туралы жауап береді. Қалған топтар олардың жауаптарына сүйене және өздерінің жұмыстарымен салыстыра отырып, талқылау сұрақтарын қояды. Бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Тапсырма №2

Т. Венн диаграммасын толтырыңыздар.

1-диаграммада Шақанға баға беріңіздер.

2-диаграммада бала Құрмашқа баға беріңіздер.

Ортаңғы диаграммада Шақан мен Құрмаш бойындағы құндылықты бағалаңыздар.

Кері байланыс

Топтар Венн диаграммаларын қабырғаларға жапсырады. Топтар жұмыстарды аралап қарайды. Әр топ өзге бір топтың жұмысының тұсында қалады. Сол жұмысты критерий бойынша бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырады, көркемдік құндылығын бағалайды.

Кейіпкерлерді салыстырды;

Шақанға баға берді;

Құрмашқа баға берді;

Ортақ құндылықты бағалады;

Мұхтар Мағауин

«Шақан-шері» романы

Алматы

«Атамұра» баспасы

2005 ж.

 http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52914/

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

Сабақтың маған ұнаған тұсы...

Қиындық келтірген тұсы...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу