М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

М.Мағауин «Шақан - шері» романы

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.А/И2 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;

Көптеген оқушылар

  • идеяны өмір шындығымен байланыстырады;

Кейбір оқушылар

  • авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;

Бағалау критерийлері

  • шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: авторлық идея, өмір шындығы.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

  • Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам?
  • Ана Жалтақ Жантайдың кісі етін жеген жыртқыштан айырмасы қанша...
  • Адамның аруағы асқар таудан да биік. Ойлап тұрсаң, хайуанат атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі басқа. Пенденің қасиеті де, қасіреті де осында болса керек.
  • «Алаштың алтын туын көтердік деп мақтанатын Шапырашты, Саурық батыр өлген соң шілдің тезегіндей тозды».
  • Шақан кеше Қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі қайырылып кеңес сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді.
  • Кек... Кегі аңда емес, адамда болуы тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты...

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

  • Романды сюжетік-композициялық құрылысына талдады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

3 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Оқу мақсатымен таныстыру.

слайд

Сабақтың

ортасы

25 минут

10 минут

5 минут

«Дәйексөз» әдісі

Топтарға шығармадан үзінділер беріледі. Сол үзіндіден сұраққа жауап бере алатындай дәйексөз алады, оны флипчартқа жазады. (Топтар бір-бірінің дәйексөздерін қайталамағандары жақсы, бірақ әр топ өз деңгейлеріне қарай таңдап алғандары жөн.)

Топтар төмендегі тапсырмаға жауап беруге дайындалады. Оларға тапсырма қағазға жазылып беріледі немесе тақтадан көрсетіледі.

А. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

В. Интерпретация:

Автор нені айтқысы келді деп ойлайсыздар?

Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.

Дәйексөздегі өмір шындығын қалай дәлелдер едіңіздер?

С. Анализ: Үзіндідегі автор идеясымен келісуге бола ма? Неліктен?

  • Кері байланыс

Топтар кезекпен сөйлеп, өз дәйексөздерін қорғайды.

Басқа топтың оқушылары тапсырмаға сәйкес дәйексөзді талқылауға сұрақ қойып, талқылауға араласады.

Бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Оқушыларға берілетін үзінділер

1-үзінді

– Қандай жақсы!.. –деді Шақан керіле есінеп. – қоқаңдаған, дікіңдеген ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең шуылдақтан бөліне көшкенім. Рахат. Иен қамыс, кең дала...

Бәрі жақсы, – деді Шақан. – Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып кеткенім. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге көнем? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бәрі дұрыс.

Қайдам, – деді Ажар күрсініп. – Төңірек түгел қамыс... Тоғайдан қалың...

2-үзінді

– Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар, – деді жұрт жайланған соң. – Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге. Орманның иесі, қамыстың қожасы. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен. Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой. Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған – осы жолбарыс екен. Ханның қаhарынан батырдың қайраты басым түскені сияқты. Енді, міне...Батыр барымташыға айналды. Адам азғанда аң қайтпек. Ана Жалтақ Жантайдың кісі етін жеген жыртқыштан айырмасы қанша... (21-б.)

3-үзінді

– Құдайым адамға өзгеше бір туыс берген... – Құба-мерген қайтадан көтерілді. – Қайраты кем болар, қажыры артық. Айласы кем болар, ақылы артық. Аңның тісі мен тырнағы ғана бар. Сенің бойыңда бес қару. Алыстан атасың, жақыннан шабасың. Күш пен құрал, парасат пен амал өз алдына, адаммен айбар таластырар махұлық жоқ. Мен отыз жыл жолбарыс ауладым. Кісінің қаhарынан ықпайтын жыртқыш көрмедім. Адамның аруағы асқар таудан да биік. Ойлап тұрсаң, хайуанат атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі басқа. Пенденің қасиеті де, қасіреті де осында болса керек. (21-б.)

4-үзінді

Намыс қиын. Жігіттің намысы ғана емес. Рулы ел намысы. «Алаштың алтын туын көтердік деп мақтанатын Шапырашты, Саурық батыр өлген соң шілдің тезегіндей тозды». Бұл рас. Елге сыйлы ердің жалғыз тұяғы еді, қыстаудан қуып, қоныстан аластады, торғай пана тұтар бұта құрлы болмады». Мұнысы былай... не артық; қорғауға қауқары жетпегені хақ, түре қуған ешкім жоқ. Шатақ шығарған, ағайынға өкпелеп, ауа көшкен Шақанның өзі. «Інін құм көмген тышқандай көрінгенге жем болып жатыр. Бәрі жабылып бір тарғыл мысыққа шамасы келмеді». Бұл – жан төзбес қорлық. Сүйекпен кетер сөз. Рас, әзір ешкім айтқан жоқ. Бірақ айтады. Кешегі, кісі жеген жолбарысты тірі жіберсе. Тым құрыса, қорқытып, үркітіп, осы өңірден аластамаса. (25-б.)

5-үзінді

– Ел айтады. – Бозбала аттан түсіп, Шақанның қасына келді. Көксауыр саптама етік, оқалы сары тон киген нәзік бітімді жас екен. Үлбіреген дөңгелек жүз, жапақтаған үлкен қара көз. Бетінің ұшы шыққан күнмен лыпи қызарып, қорғаншақтап тұрып қалды. – Ел айтады, – деді сосын ұзын, қайқы кірпіктерін тура қадап. – Шақан кеше Қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі қайырылып кеңес сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді. Ағасы жаудан арманда өлген соң, елін аздырған, жерін сатқан жуандардың қорлық, зорлығына шыдамай, жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналып кетіпті дейді. Күндіз – адам, түнде – жолбарыс... Шақан шері!.. Бірақ мен сенбеймін. Әкем айтады: үстіндегі киімі тегіс жолбарыс терісі екен дейді, киім тапшылығынан немесе сән үшін емес, ау кезінде оңайлықпен көзге шалынбас үшін. Жұрттың айтып жүргені сол дейді. Өткен жылы, жоқ, алдыңғы жылы, мен онда әлі кішкентаймын, біреулер көріпті сізді. Әкем іздетті, – таба алмай қалды. Біздің бір жылқышы ізіңізге түскен екен, кәдімгі адамның ізі дейді, содан күн ұзақ жүріпті, сосын кешке қарай... – бозбала Шақанның жел қағып, аяз сорған қызыл шырайлы жүзіне қадала қарап сәл бөгелді, – кешке қарай әлгі адам өз-өзінен жоғалып, жолбарыс ізіне айналып кетіпті... (70-б.)

6-үзінді

«Мені елден айырған»...

Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы, бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара батыр айтқан. Атабек ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма? Бір кісіден көрген жапасын бар адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына түйіртпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Сонда не тапты?

Кек... Кегі аңда емес, адамда болуы тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты...

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.

сюжетті табады;

автор идеясын анықтайды;

идеяны өмірмен байланыстырады.

Мұхтар Мағауин

«Шақан-шері» романы

Алматы

«Атамұра» баспасы

2005 ж.

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

Маған ерекше әсер еткен ойлар...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу