Информатика | Деректер базасы

Деректер базасы. «База» сөзінің мағынасы жиынға жақын болғандықтан, ДБ-н деректер жиыны деп айтуға болады. Көптеген деректерді жинастырып белгілі бір үрдіс, өнім, кез-келген обьектіні көрсетуге мінездеуге, т.б. іс-әрекет жасауға болады. Тізімге келтірілген ақпараттардың артықшылығы көп енмесе кемшілігі үлкен маңыздылығымен айрықша көрінуі мүмкін.
Осы деректер жиынын ежелден пайдалану басталған. Мысалы: еңбек құралының қай іске, қандай пішінде және қандай уақытта пайдалану керектігін ми сақтаған деректер, ақпараттар жиынтығымен таңдап, сәйкесін алады.
Осындай деректер базасын пайдаланып өсімдік майы мен түрлерін қарастырылып өтіледі және көрсеткіштерін әр-түрлі көз-қараста фильтрлеу арқылы деректер базасының артықшылықтары көрсетіледі.
Ең бірінші бетінен деректер базасына жалпы шолу өткізіледі, кейінгі беттерде негізгі мақсатқа жетуге тырысқанын көретінін болуы....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Әлеуметтік қатынастар субъекті өрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғары деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туыңдысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Жамбыл Жабаев

Қазақтың ұлы ақыны, Қазіргі Алматы обылысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Жасында білім алуға мүмкіндігі болмаса да, зерек бала көзімен көріп, көңіліне түйгендерді өлең етіп айта бастайды. Сөйтіп, 16жасының өзінде -ақ ол қазақ даласына белгілі болды. Оның қазақ, қырғыз ақындарымен айтысы қазақтың халық ауыз әдебиетінің алтын қорына енді. Жамбылдың Бақтыбай, Айкүміс, Сарыбас,Шашубай, Құлмамбет сияқты ақындармен айтысы көпшілікке кеңінен мәлім. Әсіресе, ақынның Құланаян Құлмамбетпен айтысы даңқын көпке жайды.
Ақын өзінің ұстазы Сүйінбайдың сара жолын мейлінше сәтті жалғады. Ол ғашықтық хикаяларды, тұрмыс-салт жырларын, батырлар туралы дастандарды жұртшылық арасында кеңінен толғады. Қырғыз халқының «Манас» жырын да өзінше жырлап, өзешелеу мәнермен айтып келді.....
Рефераттар
Толық

Биология | Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері

• Созылмалы гастритке анықтама бер.

Созылмалы гастрит- асқазан клегейлі қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі меңдеуімен бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың іштік метоплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инрекциялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.

• Созылмалы гастриттің эпидемиологиясы қандай?

Асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бірі, ересек жастағы адамдардың 50% -да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғарлай түседі. Бірақ науқастардың көбі ауруына мән бермеуінен дәрігерге қаралатындардың саны 10-15%-тен аспайды.


• Созылмалы гастриттің этиологиясы қандай?

Созылмалы гастрит – полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:
• Хеликобактерлік инфекция (95% )
• Аутоиммундық факторлар (15-18% )
• Дуеденогастральдік рефлюкс
• Ұзақ қолданған дәрі дәрмек әсері, мәселен стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б.
• Алиментарлы факторлар ( уақтылы тамақтанбау; тамақты шайнамастан асығыс жұту; аса өткір , ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық.
• Зиянды әдеттер (ішімдікке салыну, темекі тарту)
• Өзге ағзалардың аурулары: анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі; созылмалы холецистит, панкреатит, дуеденит т.б.).

Созылмалы гатриттің дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция 90-95% , ал қалған 5-10% өзге себептерден болады.
• Созылмалы гастриттің патогенезін түсіндір?
Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метоплазия процестері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша айналысы және ақша жүйесі

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ағыбай батыр Қоңырбайұлы

Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.

Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.

Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті.
Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасады. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысты ....
Рефераттар
Толық

Жеңіс тойы жаса мәңгі

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

"Майдан" әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады.

Сабина: Құрдан қол бұлай отыра бергеніміз жарамас азаматтарымыз соғысқа кетті, еңбек етіп қол ұшымызды тигізейік, жұмысқа кірісейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық