» » » Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты казакша Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты на казахском языке
Әлеуметтік қатынастар субъекті өрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғары деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туыңдысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "һоmо sapiens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
"Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осынан жеке адам психологиялық құрылымның ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық ері - еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттіқ икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық физологаялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгідейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен елшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам озінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін ретеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін ер адам өз әдісі, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоимайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшеліктеріне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы азаматтық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен - шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алу. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарыту көбіне қоғамдық қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті қөрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейіне көп ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни онын әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация^ яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персоналшация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барьш түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтіқ топта өзінің кісілік мүмкіндікггерін іске асыра алуы.
Жеке адамдағы барша емірлік күйзеліс - ауытқулар оның озіндік "Менін" танымаудан, объективті мәнді жеке басының қүнды тараптарын сезіне алмаудан ксліп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші - оның өз психикалық жағдайын басқара алу және өрекет-кылықтарын коғам калыптастырған өлшемдергс икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке адам түрақты қасиеттер жиынтығымен дара-ланады, түлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени напаларының бірлігінен қалыптасады.

2. Жеке адам мотивтері
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл адам санасында қаланып, оқы белгілі бір қажеттілікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңшылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның орқандай қылық - әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалағаң іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетінен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылықта туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.
Жогарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын андатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіл, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.
Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөніндегі мәселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А. Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра. Бірақ А. Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің онын санасында бейнелеуіне негізделеді. Б. Ф. Ломов мотивтік-қажетсіну аймағы мәнін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрі - нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жететінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы саи қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік өрекениетерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек.
Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе талаптардың мәнін құрайтын сипат - алдын ала шешімін дайындап қою - адамның жеке тәжірибесінен алынған асығысты, толық пайымдамаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір - ой стандарттарына бағынышты болудың нәтижесі.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивтік бірлік - адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй — бағалау бірлігі объектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі; әрекет қылық бірлігі - іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын болу, еріктік күштерді іске қосу.
Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексіз денген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді.

3. Жеке адамның бағыт-бағдары
Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды.
Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар - адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, наным. Адам бағыт-бағдарының барша формалары оның іс-әрекетінің түрткілері есептеледі.
Аталған формалардың қысқа мәні:
Құмарлық - бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
Ниет - саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
Үмтылыс - ниетке еріктік күш косшғанда пайда болады;
Қызығу - бағыт-бағдардың қаңдзй да заща ауысуын-дағы танымдык форма;
Қызығуға еріктік күш қосылса, бейімділік пайда болады;
Көзқарас - қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
Наным - адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана: сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі омірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегінің санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.
Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер психологияда - фрустрация делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілерге кезіккенінде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың белгілері мақсатқа өрісудің қажеттілік себебі анық, сонымен бірге оған жетудің жолында күшгі кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе шіуы мүмкін. Ал кейбір сьшдарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындада әрекетінің берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф. Е. Василок) белгілі а) қозғалысты қозу -мәнсіз қимыл-әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) стереотипия-үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түсті"). ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 18 | 10.04.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Жеке адам және оның психологиялық табиғаты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жеке адам және оның психологиялық табиғаты, реферат Жеке адам және оның психологиялық табиғаты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы психология жоспарымен казакша реферат жоспар Жеке адам және оның пс, Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы