Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақстанның патриотымын

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
Шығармалар
Толық

Мен-Қазақстанның патриотымын

Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.......
Шығармалар
Толық

Мен-Қазақстанның патриотымын

Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді,
Туған жерге,Отанына шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы.
Асқар тауым, жазық алаң, орманым,
Туған өлкем-Жерұйығым,жұмағым.
Асан Қайғы
Қазақстан...Тәуелсіз Қазақстан... Егемен ел... Мәңгілік елдің ұланы. Бұл-біздің ата-бабаларымыздың үш жүз жыл бойы аңсаған арманы, қуанышы, үкілі үміті. Сол арманның жемісі-бүгінгі жас ұрпақ.
Қорқыттың қобызын жырлатып, Асан Қайғыны желмаяға мінгізіп, Жерұйықты іздету де елдігімізді жоғалтпау, жер бетінде өзіндік сипаты, қадір-қасиеті бар халық болып қалуымызды мақсат еткеннен туса керек.......
Шығармалар
Толық

Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақстанның патриотымын

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді.
Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Шығармалар
Толық

Мен – Қазақстанның патриотымын

Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да...
«Патриот» деген сөз туған жер , туған тіл, туған дәстүр, туған тарихтың ажырамас бөлігі іспетті. Мен үшін жоғарыда айтылған құдіретті төрт ана адамның бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын ең негізгі бөліктер. Патриот – өз Отанын, оның халқын сүйе біліп, сол халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін қастерлей білетін, еліміздің болашағы, мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын нағыз ұлтжанды адам.......
Шығармалар
Толық

Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын

Тәуелсіз Қазақстан ! Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде талай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» соғыстар, елінің бірлігі мен бүтіндігін ойлаған жыраулар, халқы үшін қасқайып қиындыққа қарсы тұрған небір ұлы тұлғалар өтті. Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. Тарих қойнауына көз жіберсек, кешегі өткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген.......
Шығармалар
Толық

Қазақстанның астанасы – Астана!

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді.......
Шығармалар
Толық

Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары

Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Шығыс Қазақстанның география ....
Курстық жұмыстар
Толық