Мен – Қазақстанның патриотымын

 Мен – Қазақстанның патриотымын

Коматов Ернұр
11 сынып, әскери мектеп-интернат
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Аханбаева С. Е.

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.
Патриоттық сезімнің нысанасы мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескеткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патротизмге тәрбиелеудің арқауы.
Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Қоғамды қайта құрудағы маңызды және неғұрлым өткір мәселелердің бірі – Қарулы Күштердің тағдыры болып саналады. Бұлай болуы заңды да , өйткені армия – мемлекеттің тағдырын, ішкі тұрақтылығын, қазіргі әлемдегі орны мен маңызын айқындайтын құралдардың бірі.
Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу үшін әскерге арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және ТМД аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық поцестерді талдай келе, Қазақстан Республикасы өз Қарулы Күштерін құруды қолға алды.
Республика Президенті, еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Республиканың Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Бізге егемендігімізді қорғау мүддесін кез келген жағдайлардағы әрекеттерге дайын, жаттықтырылған, жоғары жинақтылықтағы осы заманға сай армия қажет», - деп атап көрсетті.
Н.Ә. Назарбаев: «...Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату. Өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып келе жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сенімі», - деп көрсеткен болатын. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді.
Қазақ халқының ұлылығы басым тұғыр тағылымы аясында ұлды ұлылығымен, қызды сан қырлы қылықтылығымен рухты етіп тәрбиелеу – халқымыздың, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың түпкілікті міндеті.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Қорыта келгенде, бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен мақсат-тілегі ол – бейбітшілік. Әрқашанда елімізде тыныштық, ынтымақ достығымыз, отаншылдығымыз жоғары артып, әлемде әрқашан бейбітшілік болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?