Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, он екі елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан – он екі елі ішек аймағының ауруы. Этиологиясы: Асқазан жарасының 90%- да және он екі елі ішек жарасының 100%- да НР табылады. НР- дің үйреншікті мекендейтін жері- асқазанның антральдік бөлігі. Ұлтабарды мекендеген НР жүре келе жараның, эрозиялардың дамуына әкеледі. НР-ді емдеп жойса, асқазан мен он екі елі ішектің моторикалық бұзылыстары азаяды, гастринемия төмендейді, қабыну процесі жойылып, жаралар тез жазылады және оның қайталануы тоқтайды. Жара ауруының дамуында НР- мен бірге өзге факторлардың да қатысы бар, мәселен никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуесқойлықтың, гастропатиялық әсерлі дәрмектердің (аспирин, индометацин, резерпин). Соңғы кезде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқым қуалайтын факторларда әсер етеді. Бұл факторлар: - қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР- ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда; қаны I топты адамдарда жара ауруы 35%-ға жиі кездесетіні анықталған. - Асқазанның кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: а1- антитрипсиннің, фукогликопротеиндердің т.б; - Париетальды және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы; - Гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі; - Дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері. Патогенезі. Жара ауруы- бір емес, бірнеше агрессиялық факторлардың бірлесуінен және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетінің төмендеуінен дамиды. Жара ауруының дамуында басты роль атқаратын- НР. Асқазанға түскен НР антральдік бөлікті мекендеп, созылмалы қабыну процесін қоздырады және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетін төмендетеді.Осы процестердің салдарынан асқазан моторикасы тездетіліп, ішіндегі қышқыл зат ұлтабарға тез түсіп, ұлтабарды қышқылмен тітіркендіреді. Сонымен қатар гипергастринемияны туындатып, асқазан сөлінің агрессиялық қуатын күшейтеді. Пилородуоденальдік жаралардың дамуында маңызды роль атқаратындар- гиперсекрецияның әсерінен кілегей қабықтың тұз қышқылымен және пепсинмен үнемі зақымдануы. Мұндай жағдай гиперваготонияда, гипергастринемияда, асқазанның басты бездерінің гиперплазиясында және ұлтабардың қуысында сілтілендіру механизмнің жетіспеушілігінде болады. Ұлтабар қуысында қышқылдықтың артуынан жүре бара ішектің қабырғасында асқазандық метаплазия қалыптасады. Сондықтан ұлтабардың қабырғасы НР- дің тіршілігіне жарамды болып, аталмыш микробтық процесс ұлтабардың қабырғасына таралады.....
ОҚО – ның Бәйдібек, Ордабасы аудандары аумағында байқалатын жел. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 35 м/с –ге жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да осы құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзенінің алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа –райы күрт суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, жел апталап соғады. Қаратауға барған сайын қара жел ұйтқып соғады да тұрады. Тау аңғарындағы өзен арнасын жиектей қос аттылы келе жатырмыз. Ертемен шықтық дегенмен жол өнбеді. Қарсы алдымыздан соққан жел қарыс адам жүруге мүмкіндік берер емес. Алға қарай созылған сайын үдей түсетіндей екілене соғады. Көзіңді білегіңмен көлегейлей еңкіштене қозғалған сәтте екі иығыңнан әлдебіреу жібермей итеретіндей. Сосын, қолыңды түсіріп көзіңді ашқан боласың, жоқ, уілдей соққан желдің адуынды екпіні шыдытпайды. Бір қызығы, осы жел тұрса болды, үш күнсіз басылмайды, одан асса жеті күн, ал үдеді бар ғой, он төрт күнге ұласады. Көзін көлегейлей айналаға қара шал «е...е» - деп бір қояды, - шіркін, кейде осы жел тұрмаса, осы өңірдің жұрты елегзи іздейді, мені сынағандай сыңай білдірді. Бүгін жел жарықтық екіленіп тұр екен. Қолаттан құм суыра уілдейді. әншейінде тым – тырыс даланы әдемі әуенге бөлеп, демін ішіне тарта соғады. Кейде тыныс ала алмай, жүзімді кеудеме жасырамын. «Білесің бе, қара шал сөйлеп келе жатыр, жел уілдеген сәт енді басталған әңгімені үзіп алып жоғалтады, содан мен ат басын бұрып ықтасын жағына шығып қайта қатарласамын, соны түсіне ме, сәл кідіріп басынан бастайды. – Білесің бе, Қаратаудың алып аждаһа бар деседі...» Мен селт ете түстім, бір қолыммен ердің басынан ұстаған күйі еңкіштей қозғалған кеудемді қайта тіктедім, асьымдағы жарау аттың аяғы сүрінді ме, жоқ қара шалдың тосындау басталған әңгімесі ме бағамдай алмадым, үзеңгідегі аяғымды нығырлай дұрыстап алдым, жүгенді жолға бұра жолсерік болып, даусымен тауды жаңғырықтыра желдің уілін көміп – көміп тастайтын ақсақалға тақым қаға жақымдадым. Қара жел дамылсыз соғады. Менің шалт қимылымды, абдырай қозғалғанымды айтпай – ақ біліп келе жатқан ол, бұл әңгімем сенімсіздеу болды ма дгендей нақтылай түседі: «Бұны балам мен кішкене кезімде үлкендерден еститінмін», - деп бір тоқтады. Артқа кеудесін бұрып қарап қояды. ....
Қазіргі дүниежүзілік ақша ролін номиналдық алтын мазмұны бар қағаз пқша атқарады. Олар металл ақшадай тозуды, салмағы кемуді, құны азаюды білмейді. Ақша және тауар мөлшері тепе-теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияға қызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануын – инфляция дейміз. Ол тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеріп жібереді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау немесе дұрыс қалыпқа келтіру шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация. Қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіруді – девальвация дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары бар. Девальвация шараларының негізгілері: ұлттық ақша өлшемінің алтындық мамзұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендеген ақшаларды айналымнан алып тастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ревальвация – ақшаның ресми құнын тұрақтандыру және бағаның инфляция зардабынан өсуіне қарсы ықпал жасаудың әдісі. Ақша курсын өсіру деген сөз. Айналыс құралы қызметін атқаратын ақша арқылы тауарлар бағасы жүзеге асатын болғандықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері ең алдымен тауар бағасының сомасына байланысты болады. Ақша неғұрлым шапшаң айналса, ол соғұрлым айналысқа аз керек болады. Мұнан мынадай қорытындыны жасауға болады: айналысқа қажетті ақша мөлшері тауар бағасы сомасының белгілі ақша өлшемінің (баға, марка, доллар т.т.) айналым шапшаңдығына бөлінуіне тең болады. Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері (М), үш факторға байланысты болады 1) тауар мөлшері (Т), 2) тауар бағасының дәрежесі (Б), 3) ақшаның айналыс шапшаңдығы (АШ). Бұл тәуелділікті мына төмендегі формула түрінде көрсетуге болады:
Ақша айналысының халі ақша айналысы сферасынан тыс жатқан жағдайларға байланысты және оған объективті түрде болатын бірқатар факторлардың әсерін көрсетеді. ....
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор. Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады. Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды. Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді. Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет). Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері....
Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, NUR.KZ тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.
Мақсаты: а) білімділік: Өз ойларын айта білуге, алған білімдерін іске асыруға үйрету. Математикалық білімдерін кеңейту; ә) дамытушылық: Логикалық ойын дамыту; б) тәрбиелік: Достыққа, татулыққа және бір - біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Тәрбиешінің іс - әрекеті - Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, кәне бәріміз бір - біреуімізбен амандасып алайық. Шаттық шеңбер. Қайырла таң! Балалар шаттық шеңберін хормен, қиымлдар арқылы жасайды. Саламатсыңдар ма, алақандарым – Хлоп, хлоп, хлоп. Саламатсыңдар ма, аяқтарым –.....
Жұлдызша ересектер тобы Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу Өтпелі тақырып: Қысқы табиғат ерекшеліктері Тақырыбы: Қар кесегі Мақсаты: Бімділілік: балаларға дәстүрден тыс үрлеу әдісі бойынша қар кесегін түтікшемен үрлеп салуға үйрету. Қысқы табиғат ерекшеліктерін ажыратуға, атап айтуға үйрету. Дамытушылық: қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қар кесегінің суреттері, кляксография әдісі ақ қағаздар, қысқы табиғат ерекшеліктерін ажырататын видео ролик. Қажетті құрал - жабдықтар: тушь көк түс, гуашь ақ түс, ақ қағаз, сүлгі, түтікше видео ролик. Сөздік жұмыс: Қар кесегі. Көптілділік: Қар - снег - snow .....
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту. Отанды сүю – от басынан басталады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш. Кіріспе: Балалардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт: Үлкенге де "СІЗ", .....
Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. 2. Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы. Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді. Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер. Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ». Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта......