Ертегілер елінде Бауырсаққа көмек
Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
2. Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді.
Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер.
Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ».
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: психожаттығу «амандасу - сәлемдесу».
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
- Балалар, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы да бір - бірімізге «қайырлы таң» тілейік.
- Балалар, енді орнымызға жайғасып отыра қояйық.
- Бәрімізде «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз. Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бізге бүгін көмек сұрай келіпті. Ал біздің көмегіміз ол -- қоршаған әлем, сауат ашу, математикадан жыл бойы алған білімдерімізбен көмектесу.
- Балалар, бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма?
- Сабақ барысында, балалар, мен сендерді мынадай фишкалармен ( ертегідегі бауырсаққа ұқсас сурет) марапаттап отырамын, сендер ұпай жинайсыңдар, кімде - кімнің ұпай саны жоғары болса, сол оң нәтиже көрсетпек.
2. Қоршаған әлем:
- Атасына, әжесіне қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ, ол Бауырсақты босатады.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің белгілері қандай?
- Жұмбақтарды шешіп, жыл мезгілдерін атай қояйық. (суреттерін ілу)
- Осы жыл мезгілдерін ретімен орналастыр.
- Енді күн мезгілдеріне байланысты жұмбақтарды шешейік.
- Күн мезгілдерін ретімен орналастыр.
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Бір жылда неше ай бар? Ретімен атап шығамыз.
- Бір аптада неше күн бар? Ретімен атап шығамыз.
3. Математика.
- Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю кездесті. Аюдың шарты:
- 10 көлеміндегі сандарды тура, кері бағытта санап шық
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
- 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
- 5 - тен 10 - ға дейінгі сандарды өсу ретімен
- 8 - ден 3 - ке дейінгі сандарды кему ретімен сана.
- Парта үстінде берілген кеспе цифрларды өсу ретімен, кему ретімен орналастыр.
-«Көршілерін ата»...... 5......., 2...... 4,..... 8......,....... 6........
«Орныңды тап» ойыны
- Аю бал жейтін ожау сатып алған екен, бірақ санын білмей тұр, көмектесейік. Барлығы нешеу?
Жасыл ожау - 4, ал сары ожау - 2. ------ 4+2=6
Жасыл ожау нешеу? -------- 6 - 2=4
Сары ожау нешеу? --------- 6 - 4=2
- Кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер қай жерде орналасқан? (оң жақ жоғарыда, сол жақ төменде,....)
- Геометриялық пішіндердің айырмашылығы.
4. Сергіту сәті: Жұмбақ есеп.
5. Сауат ашу.
- Жарайсыңдар, балалар, аю бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Бауырсақ әрі қарай домалады, бірақ алдынан қатігез қасқыр шықты. - Қасқырдың шарты сауат ашудан білімдеріңді тексергісі келеді.
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар?
- Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қалай ажыратамыз?
- Енді, балалар, мынадай жұмбақты шешейік:
Орман ішінде үйі,
Айлы түнде ұлиды жиі.
Торай тартуда тапқыр,
Таптыңдар ма? Ол -...........
Қасқыр.
- Қасқыр сөзін буынға бөлейік. Неше буын бар?
- Бірінші буында неше дыбыс?
- Екінші буында неше дыбыс бар?
- Барлығы неше дыбыс естіп тұрмыз?
- Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс естіп тұрмыз?
- Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасайық.
- Кім маған қасқыр сөзінен сөйлем құрап айтады?
- Бұл сөйлемде неше сөз бар?
Қасқыр орман кезіп жүр.
Тақтаға сызбасын сызу.
- Сөйлем қандай әріптен басталады? Сөйлемдегі сөздерді қалай жазамыз, сөйлем соңынан не қоямыз?
«Сөз қуаласпақ» ойыны
6. Қорыту.
- Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Түлкінің шарты:
- Бүгін сабақта сендер не істедіңдер?
- Оқушылардың жауаптары.
- Міне, балалар, біздің сабағымыз аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата - анаңнан енді қашпа дейміз.
- Енді алдарыңдағы ұпайларды санай қойыңдар. Қайсысың сабақта жоғары дәрежені көрсеттіңдер? .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?