Қатты уайымдап жүрмін...

- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Анасы қызына ақыл айтып отыр

Анасы қызына ақыл айтып отыр.
- Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?
- Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Нан қосып жеп алдым!

Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым! 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне....

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жігіт қызға sms жолдауда

Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз". 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Достар тілегі

Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді,
Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді.
Сол үшін де барлығымыз қуанып,
Достығымыз жаңарған бір түрге енді.

Сені бүгін бәріміз де ұғындық,
Туған күннің бізден....

Өлеңдер | Құттықтау, тілектер
Толық

Достық туралы мақал-мәтелдер

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.

Мақал-мәтелдер
Толық

Парадокс - Дүйсенәлі Әлімақын

Шаттығыңды күліп тұрған Күн деймін,
Жоқ күніңді жұлдызы өлген Түн деймін.
Сені аяйтын Мен бар екем жалғанда,
Мені аяйтын кім бар еді, білмеймін...

Енді ешқашан жығылмас ем, сүйесең.
Жанарыма жалғыз.....

Өлеңдер
Толық

Достық (2 сынып)

Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ. 

Эсселер
Толық