Банк ісі | Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыу

Кіріспе
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің форма¬лары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындаты байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ

Кіріспе
Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының мәнін , атқаратын қызметтерін жетік білу.
Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.
Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.
Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру барысы

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасында банктік маркетинг

Кіріспе
2050 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2050 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз.
Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

КІРІСПЕ
Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде кеңеюін қолдауда. Банк несиесі экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктік жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік секторға шығатын несиелік және волюталық тәуелділікті күшейтеді. Осы бітіру жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі, сонымен қатар оның кеңею жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне қарағанда жоғарғы тәуелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты қызметтерінің бірі — банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбінесе несиелік тәуекелге ұшырайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi

Кiрiспе
Елдiң дүниежүзiлiк экономикаға белсендi кiрiгуi, елдiң егемен кредиттiк рейтингiнiң жақсаруы, шетел инвестицияларының үлкен көлемiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (бұдан әрi - Yкiмет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) валюта режимiн ырықтандыру жөнiндегi жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсiз шешушi рөл атқарады.
Соған қарамастан, экономиканың ашықтық дәрежесiн арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды iшкi қаржы нарығын қалыптастыру қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдауына алып келедi.
Бiрiншiден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етудi және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және iшкi нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл - мемлекеттiк сектордың борышын басқару тетiктерiн жетiлдiру және қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесi. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ

Кіріспе
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қ.Р - ғы валюта бағамы жағдайы

Кіріспе
Тарихта үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің элементтері төмендегілер:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта (АҚШ доллар, евро, жапон иенасы, ағылшын фунт стерлинг)
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.)
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы