Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI казакша Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ.
1.1. Несиенің мәні және оның құрылымдары мен ұйымдастыру қағидалары
1.2. Несиенің функциялары және оның түрлері мен формалары
1.3. Несиенің қызметтері және қарыз процентінің түсінігі
2 ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI
2.1 Қазақстан банктерінің несие беру қабілеттіліктері
2.2 Коммерциялық Банктiң несие қатынастары
2.3 Қысқа мерзiмдi несиенiң берiлуi
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде кеңеюін қолдауда. Банк несиесі экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктік жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік секторға шығатын несиелік және волюталық тәуелділікті күшейтеді. Осы бітіру жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі, сонымен қатар оның кеңею жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне қарағанда жоғарғы тәуелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты қызметтерінің бірі — банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбінесе несиелік тәуекелге ұшырайды. Банк пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен байланысты. Бірақ несиені қайтару, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені қайтару банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банктер несиелік тәуекелділікті басқару, несие саясатын ұйымдастыру, реттеу шараларымен уақытылы айналысып отыруы тиіс.
Сонымен қатар несиелік тәуекелділікті реттеудегі мемлекеттің де рөлі маңызды болып табылады. Мұндай қызмет мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырлады. Ескере кететін жағдай 2003 жылдың 31 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің № 1720 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру туралы жарлығына сәйкес бір қатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттілікке жүктелген болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметтеріндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Несиелік тәуекелділікті реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі 2003 жылғы 3 маусымдығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген « Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже. Атап айтсақ оның ішінде « Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценті» және « Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері».
Жалпы Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Ақша-несие саясатының макроэкономика деңгейдегі субьектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу субьектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаларының жиынтығы жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операцяиялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқада мүдделендіру мөлшерінде белгілейді. Реми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша-нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты берілген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту. Соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарғы пайыз мөлшерлемесі шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. Ұлттық Банк мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесін белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Ұлттық Банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы Республикамыздағы ақша жиынының щамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе төмендетуге мүмкіндік береді.
Орталық Банктің пайыз мөлшерлемесін өзөгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтанда Орталық Банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвистицияны тұрақтандырады.
Қазақстанда ақша-несие саясатының қазіргі деңгейдегі тиімділігі Орталық Банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты және салық – бюджет, сыртқы экономикалық саясатпен де тығыз байланысты.
Ұлттық Банк заң актілері Қазақстан Республикасы Президентінің заң актілері негізінде немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойыша қолдана береді.
Ақша-енсие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының арықарай дамуына және банк жүйесінің нығайа түсуіне , экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін арықарай өсіру үшін жағдай жасауға, жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы еліміздегі несие нарығының жағдайына тоқтала кететін болсақ: 2004 жылы 11 ай ішінде экономикадағы банктердің несиелері 46,0 % -ға өсіп 1428,1 млрд. теңгеге жетті.
Несиелер нарығында валютаның түрлері бойынша да, мерзімдері бойынша да оң өзгерістер болды. Ұлттық валютадағы несиелер өсуі шетел валютасындағы несиелермен салыстырғанда басып озу сипатына ие болды. Ұлттық валютадағы несиелер 49% -ға өсіп 648,9 млрд. теңгеге жетті, ал шетел валютасындағы несиелер 43,6 %-ға өсіп 779,1млрд. теңгеге жетті. Нәтежесінде теңгелік несиелердің үлес салмағы 44,5 %-дан 45,5%-ға дейін өсті. 2004 жылы 11 айда ұзақ мерзімді несиелер 35,1%-ға өсіп 499,5 млрд. теңгеге жетті. Ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 62,2%-дан 65,0%-ға дейін өсті.
Несиелер бойынша қойылымдардың динамикасы әртүрлі бағыттағы сипаттқа ие болды. Мәселен, 2004 жылғы 11 айда жеке тұлғалардың Ұлттық валютадағы несиелері бойынша орташа алынған сыйақы қойылымы 20,3%-дан 20,6%-ға өсті, ал заң тұлғалары несиелері бойынша 14,9%-дан 14,5%-ға дейін төмендеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқарушылығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2005-2007 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын іске асыру қолға алынды.
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
1.1. Несиенің мәні және оның құрылымдары мен ұйымдастыру қағидалары.
Несие – нарықтық экеономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілері мен қатар, мемлекет те, үкімет те сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – ол тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен, осындай айырбас негізінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құн қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының негізін білдіреді.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмлесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәмленің екі түрі ажыратылады: қарывз мәмлесі және сатып алу – сату мәмлесі. Несие қарыз мәмлесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда, бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несеие әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретін естен шығармау керек.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие – бұл банктің қаражат көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ал ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арсындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты эленменттерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәмле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын несие жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Қарыз беруші және қарыз алушымен несиенің құрылымының элементіне берілетін обьектіде жатады. Беру обьектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді. Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктің несие беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай – ақ несиелік қатынастар төңірегіндегі обьективті экономикалық амалдардың талаптары көзделеді.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелердің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді.
• Несиенің мақсаттылығы;
• Несиенің мерзімділігі немесе қайтарылымдығы;
• Несиенің ақылылығы;
• Несиенің қамтамасыз етілуі;
• Несиенің сый ақылылығы;
Несиенің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаты несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай да мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл қағидасы ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінің негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді.
Несиенің мерзімділігі – бұл белгіліэкономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістілігімен қорытындылады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы – бұны экономикалық категория ретінде, басқа да ақшалай – тауарлы қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несеи болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық – бұл несиенің ажырамас бөлігі.
Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістілігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданы қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін бұл қағиданың сақталцуы олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.
Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатын да көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартын бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы суммадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын - несиенің бағасы деп айтады. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдай да, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық заңдылықтарға сай, яғни банктің қызметінің экономикалық незіні жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғарғы мөлшерде емес, бір қалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті.Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек.
Қарыз мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны қарыз мәмлесі болып табылатыөндірістік қатынастар сипаттайды. /1,50 б/
Әртүрлі шаруашылық жүйесінде кездесетін мәмле типтерің формальды (типтерінің) ұқсастығы олардың бір атаумен – «несие» бекітіледі, бірақ әртүрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі мәнге, мазмұнға ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып, өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығының диалектикалық дамушы құбылыс ретінде қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік қатынастарыны өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісіі арқылы жүзеге асатын әртүрлі обьектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді: Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрін бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады: сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әртүрлі тарихи кезеңдерде тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Жалпы несиенің мәнін ашу – бұл несиенің экономикалық қатынастардың біпртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несинің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несеиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда, несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәмледе қатынас субьектілер қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. Сатушы – қарыз беруш, ол сатып алушы – борышқор болады.
• Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы.
Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа да субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі шарушылықта кредитор – банк қарызды өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарын да сақталуы тартылған қаражатта есебінен де, сонымен қатар, акция жәчне облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен бере алады. Банктердің құрылумен кредиторлардың шоғарлануы жүреді.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 25 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI
Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
Дипломдық жұмыс:  Қаржы |  ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
Дипломдық жұмыс: Қаржы  | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі ағымдағы несиенің ролі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі ағымдағы несиенің ролі
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің  қалыптасуы мен дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар банк ісі жоб, Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін