Банк ісі | ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ

 Банк ісі | ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.
Экономиканың нақты секторындағы сырттан тараған қаражат — қазіргі Қазақстан қоғамының ең бастапқы тапсырмасының бірі болып табылады. Осыдан банктік жүйенің дамуы мен тиімді жүйелерінен экономика секторының барлық салаларының дамуына ықпал етеді.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады
Несиенің түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады
Несие құрылымында мерзім бойынша өсім ұзақ және орта мерзімде жүріп жатыр. Негізінен тез арада көңіл аударатын депозиттердің және олардың ұзақ мерзімге берілуіне байланысты өсті. Несие мерзімінің ұзаруы нақты сектор субъектілеріне айналым қорын қаржыландыруды шектемеуге және өндірістік мәселені шешу үшін несие ресурстарын қайта бағыттауына рұқсат берілуі керек.
Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.
Банктік несиенің дамуы экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы боып қатысады. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге оңтайлы жағдайлар жасалуда, бірақ олар қолдануда өте шектеулі. Бұл банктік жүйе мен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономиадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік сектордан шығатын несиелік және валюталық тәуекелділікті күшейтеді. Осы тақырыпта банк несиесінің даму сатылары және оның айна-лыс дәрежесі, сонымен қатар олардың кеңею жолдарын қарастырады.
Мұнда, менің қорғайтын тақырыбымның мақсаты Казақстан экономикасындағы кәсіпкерліктер, шағын, орта және ірі бизнестерге банктер арқылы несиелер қандай түрде, қандай мерзімге және қалай берілетін жөнінде статистикалық мәліметтер арқылы талданып жазылған банктердің несие беруінің кеңеюін кең көлемде ашып айту.
1.ТАРАУ. НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Несие қызметтері және формалары
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндірісте өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. несие үлестіруімен байланысты, бірақ үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: біріншісі – үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидум өндірілген өнім қатысады; екінші - ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласынды тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің үлесіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілерінің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді. [3, 269 б ] Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қайтарылуы құн қозғалысың сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондыөтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. А тауарды В тауарға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикаплық қатынастырдың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. Біз жай тауарлар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшадай формада болады. Қарыз кезінде ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді. [3, 403 б ]
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: А тауарды В тауарға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік А-дан В-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: А В-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн А-дан тауар В-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік А-да сақталады. Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдаланумен сәйкес келуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін, тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасы осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несиенің экономикалық категориясы ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі