Сол бір қыз

Міне, мәре-сәре болып жүріп кеште батып қалды. Үйде бала –шаға атаулысы толып жур. Ақжүніс жаз мезгілінде атасы мен әжесінің үйінде демалысын өткізеді. Туылған шағынан – ақ осы осы үйден тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге алды. Кейіннен 12 жасында әке – шешесінің үйіне көшіп барды. Содан бері атасы мен әжесінің үйіне сенбі сайын ғана баратын болды. Әр сенбі сайын бұл уйге қыз – ұлдары, немерелері жиналып, бір бас қосатын күн болатын. Бір – бірімен әңгімелесіп, шер тарқатып, күліп – ойнап, шуылдап кешке үй – үйлеріне қайтатын. Ақжүніс жаздық демалыста болған сон, ата – әжесінің қасында қонуға қалады. Бәрі жиналып кеткен соң, ол күні бойы жиналған ыдыс – аяк, анау – мынау ұсақ – түйектерді жинап, реттеп жүріп үйге бірақ кіретін...
...Ақжүніс өте арманшыл қыз. Махаббат, өмір тақырыбында бірнеше тақпақ шығарып, өзінің жеке дәптеріне жазып жүретін. Бірақ, бір қызығы бұл өнері туралы жақындары мүлдем білмейтін. Себебі, кішкентай кезінен ұялшақ болып өскен қыз, өлең – тақпақ шығаратынын ешкімге айтқысы келмейтін. Ұнамай қала ма деп қорқатын. Оның мектепте бірге оқитын, сырын, мұңын айтатын жалғыз құрбысы болады. Есімі Арайлым. Ақжүніс оны туған сіңлісіндей көріп, әрдайым Арайлымнан көмегін еш аяған емес. Ақылын айтып, сырын айтып, мұң – шерін тарқатып сеніп журген , өзгеден артық көретін құрбысы Ақжүністің көңілін қалдырады. Бұл оқиға тек екеуінің аралында қалады. ақжүніс өте өкпелі болады. сенген қойым сен болсан, кесегенім не болады, - дегендей, сенген адамы, арқасынан пышақ сұнғандай болады. Осымен екеуінің бір – біріне деген ара – қатынасы лезде суып кете берді. Ол кезде Ақжүніс І курсты бітірген. Сол кезде оның Сезім және Үміт атты құрбылары болады. Ақжүніс, осындай түсінігі мол, қарапайым, ашық мінезді, сулу жандарды кездестіргеніне қатты қуанады......
Махаббат хикаялары
Толық

Сол бір көктем

Менің махаббат оқиғам да барлық махаббат оқигалары сияқты қарапайым басталды. Бірақ қазір ойланып қарасам, сол бір күннің тура сол кездегідей өткенін қаламас едім. Жарайды, болар іс болды, өткен күнге өкіну еш пайда әкелмейтіні сөзсіз.
Сол бір кез тамылжыған көктем болатын, дәлірек айтсақ 10-наурыз, күлкілі әрине, бірақ канша жыл өтсе де ол күн әлі есімде.Мектептен қайтқан соң құрбым екеуміз есік алдына серуенге шыққан болатынбыз,бірақ үй жақтан біршама алыстап кеттік.Үй маңында мектеп бар еді.

Құрбым екеуміз сол мектеп ауласына барып отырдық.Сол кезде мектептен қайтып бара жатқан 1топ жігіттерді көрдік.Сол жігіттердің арасынан бойшаң, сүйкімді келген біреуі менен көзін алмай қарады, ия мен де оны байқадым. Ол достарына бізді көрсетіп, танысқысы келді ме білмеймін, ал достары асығып жүріп кете берді.Ал бойшаң жігіт мектеп маңында қалды.Ол алыстан ұзақ уақыт біз жаққа қарап тұрды, бірақ қасымызға жақындауға батылы бармады.

Біздің де үйге қайтатын уақытымыз болды, тұрып үй жаққа қарай жөнеле бердік.Жүріп келе жатып артымыздан «қыздар» деген жағымды дауыс естілді.Бұрылып қарасақ, әлгі жігіт екен.Ол бізге танысуға болады ма деді.Мен үндемедім (бірақ ішімнен әрине танысқым келіп тұр).Ол Ерсұлтан деп қолын ұсынды.Мен өз есімімді айтып, ары қарай танысып кеттік.Ерсұлтан менен телефон нөмірімді сұрады, Ò қалай екенін білмедім бірақ ойланбастан бере салдым.Содан ары қарай хабарлвсып, бір-бірімізді көріп,жақсы сөйлесіп жүрдік, мен ол жігітке ғашық бола бастадым.Бірақ Ерсұлтанның маған деген сезімін түсіне алмадым.Сөйтіп жүргенімізде күз де келіп жетті,біз күзде мүлдем сөйлеспей кеттік, Ерсұлтан хабарсыз, менім де хабарласуға батылым жетпеді.Қыста да арамыз мүлдем суып кетті.Көктем келе мен оны қайтадан жолықтырдым.22-наурыз болатын, мен құрбыммен, ол достарымен бір-бірімізді көріп қалдық.Сол сәтте менің ішімдегі үміт оты одан әрі лаулай түсті......
Махаббат хикаялары
Толық

Әлі де менің жүрегімнің түбінде

Тіпті,неден бастарымды да білмей тұрмын...Кей кездері өмірден түңіліп кететінім соншалықты,тіпті өз-өзіме қол жұмсағымда келеді...Бірақ қолдан келмейдіғой...Амал жоқ...Кейде ойлаймын,осы мен тарам-тарам өмір жолдарынан шалыс басып,адасып кеттімбе деп...Мүмкін басқа бағытқа қарай жүріп баратырған шығармын...Ал менің алдымда не күтіп тұр екен?? Шіркін,көріпкелдік қасиетім болғандағой...Бәрінде бір сәтте болжап ақ алар едім...Мен әлсізбін,жан дүниемде әлсіз...Сондықтан болар тағдырдың қатал сынағынан сүріне беремін...сүріне беремін..Ал мені демеп,күш беретін жан әлі де табылмады...Мен шаршадым...Оны іздеуден...күтуден...

Бәрінеен шаршадым мен...Алыс жаққа,ешкім танымайтын,ешкім көрмейтін бір кішкентай ғана аралға кетіп қалсам ғой деп те ойлаймын...Сонда ғана барлық ойларымнан арылып,жүрегімнің жарасын да өзім жазып аларма едім...Мен сүйдім...ал ол жоқ...Тағы да мен сүйдім...ал ооол........Мен кінәлімін..Не үшін??? Ұнатқаным,сүйгенім үшін шығар...Бұл сезім әлі де ұмытылмады..Әлі де менің жүрегімнің түбінде...Оны шығарып тастай алмадым...Қолымнан келмеді...Оның кеткеніне де көөп болып қалыптығой....Ал соңғыларын ,,білмеймін пайдаланып жүргендеймін...Мен олардыма,әлде олар меніме...білмедім......
Махаббат хикаялары
Толық

Қадірімді білмеген қадірлім-ау

Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…

Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа жанды, Ләззатты жақсы көремін…

Келесі күні үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрсе жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай, бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шартын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай, жасырын ұстауымды сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп — жалғыз ұлымыз Асқардың 1 айдан соң университетке түсетіндіктен, қабылдау емтиханы кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім. Екінші шарты да бар. Үйленген күні, есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апарып жүруімді сұрады. Басында «Есінен ауысқан ба?» деп ойладым. Бірақ, өткен жылдардың құрметіне келістім.....
Махаббат хикаялары
Толық

Әр минутта бір бақыт

Бақыт деген әр күніңе шүкіршілік ету.Уақыт зымырып өтіп кетіп жатыр,сол уақыттағы бақытты сәттер ұмытылмайды .Меніңше әрбір адам өзін бақытты ете алады,әрине еңбек керек.Кейде бақыт үшін өз өзіңмен күресуге тура келеді.Кейбір адамдар бақытты ақша деп түсінеді бірақ ақша келеді кетеді.Бұл екі ұғымды шатастырып алмау керек.Ең басты бақыт қиын сәтте қасыңдағылардың көмектесуі.Егер адамда мейірімділік болмаса адам бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмейді.Бақыт кішігірім бөлшектерден тұратын ғаламат сезім.Осы өмірге келгеніміздің өзіде бақыт.Құс ұшу үшін жаралса,адам бақытты болу үшін жаралған.Бұлттың арқасынан күн шығады емеспе,қиындықтың арқасынанда бақыт келеді.Жақсы адамдар сізге бақыт әкеледі.

Ал жаман адамдар тәжірибе береді.Бақытты емеспін деп өз өміріңді өзің баға беріп,жастықтықты құшақтап жасыңды төгесің.Бақытты өмір болмайды,бақытты минуттар болады.Сен менде өміріміздің әр минутына мән берсек,астарында бақытты сәттерді байқаймыз.Бақыт деген кішігірім ғана көңіл,аз ғана сәтті рахат. Бірақ ол бір рет ақ келіп кетпейді.Тағдырыңның үлкен жолдарында талай кездеседі.Бақытты бір үлкен күш деп,оны өмір бойы күтіп жатуға болмайды......
Эсселер
Толық

Бір кем дүние

Әдебиетіміздің айтулы өкілі Шерхан Мұртаза- әр шығармасында өмір шындығын шынайы суреттей білген шебер қаламгер. Жазушы қаламынан туған «Қызыл жебе», «Бесеудің хаты», «Сталинге хат», «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді» сынды туындыларының қай-қайсысы болмасын, оқырманның ыстық лебізіне ие болған кесек шығармалар. Әсіресе, көпшіліктің көңілінен шыға білген «Бір кем дүниенің» орны тіптен бөлек. Бұл туындысында жазушы өмір жолындағы көрген-білгендерін, көңіл түкпіріндегі ойларын бүкпесіз баяндаған. Мұндағы аз сөзбен көп нәрсені аңғартатын әрбір ой-толғанысының негізгі түйіні «бір кем дүниеге» келіп тіреледі.

Мәселен, мына бір үзіндіде:
Өз пайдаңды ойлама,
Ел пайдасын ойла!
Өз пайдаң соның ішінде.
Бірақ бәрі солай ойламайды ғой.
Бір кем дүние,-деп, қара басының қамынан әрі аса алмайтын, елге титтей де пайда келтіруді ойлатпайтын өзімшілдікті жеткізеді.

Сондай-ақ, «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды»,-депті Төле би. Адамдардың көбі ашушаң. Ақыл қайдан болсын. Бір кем дүние» деген ой-толғанысының астарында да терең мән жатқанын аңғару қиын емес. Ашу-дұшпанның түбі жақсылыққа апармайтынын меңзеп тұрғанын байқаймыз.

«Адамның жүрегінен от көрініп тұратын болса...
Жақсы адамдікі жұлдыздай жарқырап тұрса...
Жаман адамдікі күңгірт, қарайып тұрса........
Эсселер
Толық

Бір күнде-бір жақсылық жасайық

Адамды тұрар адам қып,
Ақжүрек пен адалдық.

«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.

Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім.....
Эсселер
Толық

Бірер сөз

Туған жер-тұңған шежіре

"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой?
Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.!
Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен,
шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.......
Эсселер
Толық

Біз - мәңгілік ел балаларымыз

Балалық өтті білдің бе,

Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!

Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..

Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......
Шығармалар
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов

Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Шығармалар
Толық