» » » Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй казакша Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй на казахском языке
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.
Киіз үй

Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір.
Шаңырақ

Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
Кереге

Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.
Кереге; Шаңырақ

Ортасы ашық,
Шомбал төрт қазық.
Тік тұрар күн ұзын,
Екеуі тым ұзын.
Бірі — оңда.
Бірі — солда.
Қатар жатқан таласа,
Екеуінің бойы аласа.
Бірі төбемде,
Бірі еденде,
Осы төрт қазықтың,
Ішіндегі жазықтың,
Үстін жапқан шап-шағын,
Ашсаң тақтай қақпағын,
Жол береді кісіге,
Кіресің үй ішіне.
Қос жақтау; Маңдайша; Табалдырық; Есік

Тұмсығын тесіп,
Жүннен бұйда есіп.
Қазыққа байладым.
Уық

Имек бүйір ұшының,
Бұйдасы бар.
Қырлы сүйір ұшының
Ұясы бар.
Уық

Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар-қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
Уық

Тақиялы сүмбі тал тізбегі,
Ақ шапан жамылды жүн тегі.
Үзік

Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
Киіз үй

Көзі көп қабырға,
Білінбес жамауы.
Тұмсығын шатырға,
Тығады сабауы,
Байланар ақырға,
Бұйдалы танауы.
Киіз үй

Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.
Киіз үй

Ұшы екі айыр ақ таяқ.
Сүйеніп тұр жатпай-ақ.
Бақан

Түріліп тұрар бір басы,
Бұрышсыз үйдің мұржасы.
Түңлік

Дәу шеңбер шатырлы,
Төрт тамырлы,
Ақ жаулық жамылды.
Түңлік, оның бауы

Қабырғаның кең төрі,
Ажыратпай ұстап тұр,
Жұмыр болат шеңбері.
Белдеу

Дөңгелек үйдің,
Қара-шұбар жыланмен
Белін будым.
Белдеу

Көк тіреп тұрған,
Көп таяқты буған.
Басқұр

Даланың тайраңын,
Қаз-қатар тұрғызып,
Отыз жерден байладым.
Ши

Түбінен үзген,
Қатарлатып тізген,
Сүйрікті тұттым,
Таза ауа жұттым.
Ши

Келсең жолды ашады,
Кетсең жолды жабады.
Есік

Үйден
Ең соңынан шығатын кім?
Үйге
Ең алдымен бас тығатын кім?
Кілт

Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.
Кілт

Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.
Құлып

Қақпаның қалы,
Оның да бар Оң мен солы.
Топса

Жиегіне қағылар,
Әр есіктің қалы бар.
Ол болса қақпа да,
Ашылып-жабылар.
Топса

Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.
Шатыр

Автор: ZHARAR | 52 479 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)
Жұмбақтар жауабымен жинағы
Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)
Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары
Жұмбақтар жауабымен жинағы
Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары
Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары (1)
Жұмбақтар жауабымен жинағы
Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары (1)
Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (3)
Жұмбақтар жауабымен жинағы
Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (3)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тарихи жағдайды сипаттау (3 сынып, II тоқсан )
Өлең: Қадыр Мырза Али (Хикая)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Хикая)
Реферат: Пирамиданың қасиеттері
Рефераттар жинағы
Реферат: Пирамиданың қасиеттері
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Киіз үй жабдықтары
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Киіз үй жабдықтары
Балабақша сабақ жоспары: Жайлауда
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Жайлауда
Халқымыздың асыл мұрасы
Пайдалы кеңес жинағы
Халқымыздың асыл мұрасы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Қазақ үйдің тұрмысы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Қазақ үйдің тұрмысы)
Қазақша өлең: Елтаңба
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Елтаңба
Бесіктің құрылысы
KZ
Бесіктің құрылысы
Жұмбақтар жауабымен: Жол
Жұмбақтар жауабымен жинағы
Жұмбақтар жауабымен: Жол
Ұлттық ойын: Шалма
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Ұлттық ойын: Шалма
Қазақша шығарма: Қара шаңырақ
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Қара шаңырақ

KZ / Жұмбақтар жауабымен жинағы, Загадки на казахском языке юрта Қазақша Жұмбақ Киіз үй, Киіз үй туралы жұмбақтар, Киіз үй туралы жұмбақтар, Киіз үй туралы жұмбақ, Загадки на казахском языке юрта, Киіз үй туралы казакша жумбак, Загадки на казахском языке юрта Қазақша Жұмбақ Киіз үй Киіз үй туралы жұмбақтар Киіз үй туралы жұмбақтар Киіз үй туралы жұмбақ Загадки на казахском языке юрта Киіз үй туралы казакша жумбак Тегин Казакша Жумбак жинагы, Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй жұмбақтар жауабымен қазақша балаларға жумбактар киын жауабымен логикалық жұмбақтар жауабымен Қазақша Жұмбақтар жинағы