Жұмбақтар әртүрлі


Әртүрлі жұмбақтар 


Бұл үйдің жоқ, дұрысы,
Бала тұрар бұрышы. (киіз үй)

Бар басында үкісі,
Қабат - қабат күпісі
Қатар - қатар кіл тісі. (жүгері)

Сап - сары боп түзде жатыр,
Ішінде ұрық жүздеп жатыр. (қауын)

Бергенмен аумақты,
Бермепті оған салмақты. (қаңбақ)

Тапқан басқа,
Басқан басқа,
Сормаңдай қасқа. (шөже)

Із тастап, жүзер,
Суалып бітер. (қалам)

Айтқанды айтқан,
Қайталап жатқан.

Торда ұстап баққан (тоты құс)

Айдалада алыс,
Жатыр темір ауыз.
Аяқтан қабар жауыз. (Қақпан)

Аяқпен теп,
Баспен соқ.
Қол тигізбе,
Құқың жоқ. (Аяқдоп)

Бірін - бірі шаршы,
Алпыс төрт шаршыда,
Жиырма төрт қарсы. (дойбы)

Жерге түсірмеу үшін допты,
Қос қолмен қағып,
Бір қолмен соқты. (волейбол)

Көтере алар өлшемі,
Ілгегіне іліп ап,
Он килоның мөлшері. (безбен)

Мейлің қалай лақтыр,
Жерге тимес арқасы,
Төрт аяқпен тақ тұр. (мысық)


Адам көтерген шатыр,
Қалқып келе жатыр. (Парашют)

Қопарып қартысты,
Келеді бір тісті. (Соқа)

Күндіз сөйлеп тынымсыз,
Түні бойы тұр үнсіз. (Радио)

Өзі зәрлі,
Бергені нәрлі. (Ара)

Күні - түні ояу,
Шаршамайсың сол-ау. (Сағат)

Кейпі – пілдей,
Көлемі – тілдей. (тышқан)

Арқаға екі бөлгенді,
Үшке жарып өрген-ді. (бұрым)

Өртенбеген өңеші,
Қайнамайды о несі. (самаурын)

Етегінде қалтасы,
Қалтасында баласы. (кенгуру)

Шаң жұтып жатқан:
Ішегін тартқан,
Ұзын арқан. (шаңсорғыш)

Оттай ыстық табаны,
Мыж-мыж қыртысты,
Тігісті жазып барады. (үтік)

Жарықта көрмес кәріп,
Түнде тұр көзді қарып. (электр шамы)

Өңшең ала жатыр
Жататыны, шала жатыр.
Піскендері үзіліп жатыр,
Піспегендері тізіліп жатыр. (қарбыз)

Жастық шақта қара орман,
Қартайғанда ағарған (шаш)

Дәнге толы табағын,
Көтеріп тұр сабағы.
Төңкермеген бәрін де,
Төкпейді бір дәнін де. (күнбағыс)

Ұшып жүр күймелі,
Қалайы инелік. (тікұшақ)

Оранып көп жапыраққа,
Өсіп жатыр атырапта. (капуста)

Тураймын деп өзін,
Жасаурап тұр көзім (пияз)

Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. (домбыра)

Ну орманда отыр,
Күндіз көрмес соқыр. (Үкі)

Құлаштап лақтырған,
Басын қаптырған. (қармақ)

Төрт тесіктен өткен не,
Қадап оны кеткен не? (түйме, ине)

Бақшадан күндей жатты
Сонда да піспей қапты.
Шикісінде қатты,
Асып жесең тәтті. (Асқабақ)

Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам (мұзайдын)

Ескен Елубаев кітабынан алынды


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Інжу
    Оқырман Інжу 17.01.2022 12:08
    6 + 0 -
    Сені дегеніміз не?

Ілмектер: әртүрлі, жұмбақтар