» » » » Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік ойыны казакша Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік ойыны на казахском языке
Сабақтың мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.
1.« Допты ойын».
Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп келеді де, допты келесі оқушыға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.
Жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
3. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір бір оқушыдан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4.Сайысымыздың келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір-бір оқушы шығып, нысананы көздеп ату..
5.«Секірмек».
Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.
6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің тыңдайық
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 11 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақша балалар арналған Жүзден жүйрік ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Жүзден жүйрік ойыны, балабақша балалар арналған Жүзден жүйрік ойыны ойын ойындар балабакша балабакша ойын турлери балалар балаларға арналған ойындар подвижные игры для детей на казахском языке Жүзден жүйрік ойыны, Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік ойыны