ТОЛАҒАЙ

 ТОЛАҒАЙ

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын, спорттық бейімділіктерін балаларға үйрету.
2. Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
3. Спорттық ойындарымен таныстырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Спорттық эстафеталар қазақ күйімен сайысқа қатысушылар ортаға шақырылып қошеметке ие болып орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысына хош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, аттары, болады.Сайыстың мазмұны алты бөлімнен тұрады:
1-бөлім: «Менің жанұям»
2-бөлім: «Кенгуру»
3-бөлім: «Туристар»
4-бөлім: «Маймылдар»
5-бөлім: «Қояндар»
6-бөлім: «Арқан тарту»
Әр команда капитаны ортаға шығып әділқазы алқасына эмблемаларын табыстайды. Әр ойын сайын ойын шарты түсіндіріліп отырады.
1-бөлім: «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
2-бөлім: «Кенгуру»
Ойын шарты: Әкесі баласын үлкен доптың үстіне секірте отырып, белгілі жерде тұрған анасының қасына жетіп допты анасына табыстайды. Анасы доптың үстіне секіріп командаға оралып, ойын сол бетімен жалғасады.
3-бөлім: «Туристер»
Ойын шарты: Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.
Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет гиглидің арасынан өту.
Екінші бөгет: Көпірдің астынан өту, жирафтардың астынан өту.
Үшінші бөгет: Жайлау кең дала - матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.
4-бөлім: «Маймылдар»
Ойын шарты: Анасы скакалкамен баласы тұрған белгілі жерге дейін секіріп барып, әкесі баласын арқалап командаға келеді. Ойын жалғасады.
5-бөлім: «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады:
6-бөлім: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Екі команда ата-аналары бөлек, балалар бөлек арқан тартысып күш сынасады.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына береміз. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, командаларға балаларға сыйлықтар табыс етіп тапсыру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!