» » » » Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен

Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен

Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен казакша Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен на казахском языке
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
(Отбасылық спорттық мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.
“Балбөбек” тобы :
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін,
“Айгөлек” тобы:
Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
“Ат жарысқа” кезек берелік.
Шарты:
Әр топтан әкесі «атқа» мініп шауып «өзеннен» жүзіп өтіп, «тау» басында тұрған ананы «үңгір» астынан өткізіп, алып шығып, «өзеннен» бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
“Тез адымда” сайысы.
Шарты:
Қолдан тігілген бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші.
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
“Кім епті” сайысы .
Шарты:
А) «Үңгір» астынан өту.
Ә) Жіппен секіру.
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
“Балық аулау” сайысы.
Шарты:
Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.
Жүргізуші:
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
(Қортындылау, мадақтау). .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 61 | 25.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Әкем шешем және мен арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары СПОРТ сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Әкем шешем және мен, балабақшаға Әкем шешем және мен арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ СПОРТ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жосп, Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен