Сыныптан тыс жұмыс: «Жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа нұр»


Сыныбы: 11 А,Б

Тақырыбы: «Жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа нұр»

Барысы

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып... Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары, Ғасырдың он алтыншы жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары! Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Көрініс қойылады. Кейіпкерлері: хан – Жұрмахатов Ғазиз, патшайым – Бекмағанбетова Аружан, уәзір – Тұрсынбаев Қазбек, ханзадалар – Құдайбергенов Дамир, Крекесов Мейірхан, Бисенбаев Бағдат, Берік Мұхамедәли, ханшайымдар – Бақтыбаева Аружан, Қуанышбекова Нұрсұлу, Исаева Ақтолқын, Келманова Гүлназ.

Сахнаға Қазбек шығады:

Қазбек: Ертеде бір патшалық болыпты...

Хан: Уәзірім, менің ұлдарым қайда? Шақыр маған!

Уәзір: Хан ием, олар аң аулауға кетті. Қазір шақырып келемін.

Патшайым: Хан ием, ханзаларды не себеппен шақырып жатсыз?

Хан: Патшайымым, жаңа жыл жақындап қалды, соған орай мына зәулім сарайымда естен кетпес балл ұйымдастырмақ ойым бар. Ұлдарыма лайық ханшайымдар табылып қалар.

Сырттан уәзір кіріп келіп:

Уәзір: Хан ием, ханзадалар келді.

Хан: Кіргіз!

Ханзадалар келіп сәлем береді.

Үлкен ханзада: Хан әке, аманбысыз, бізді не себеппен шақырдыңыз?

Хан: Я, менің ержүрек ханзадаларым, сендерді шақырған себебім, жаңа жыл келіп қалды алтынмен апталып, күміспен қапталған сарайымда үлкен балл өткізбекпін. Көптеген ханшайымдар келеді. Өздеріңе ұнаған ханшайымды, жаңа жылдық жұптарың етіп аласыңдар, сондықтан дайындалыңдар.

Ханзада: О, әке, бұныңыз жақсы жаналық болды ғой, көңіліміз көтеріліп қалатын болды. Осы кештің ең сұлу ханшайымы менің жұбым болады.

Ханзада: Жақсы онда біз дайындалайық! Бізге рұқсат беріңіз.

Хан: Рұқсат! Уәзірім, мен жарлық шығарам. Сен жарлықты жаз.

Жарлық

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Хан жарлық шығарды. Жаңа жылға байланысты хан сарайында үлкен балл өткізілмекші. Баллға ақылына көркі сай қыздарды шақырамыз. Ханзадаларға ұнаған ханшайымдар, ханзадалардың жаңа жылдық жұбы болады. Патшалықтағы бірде-бір қыз қалмау керек. Бұл ханның бұйрығы!

Патша мен патшайым әңгімелесіп сахнадан шығып кетеді.

Көптен күткен баллда басталды. Ағылып ханшайымдар келіп жатыр. Уәзір бәрін қарсы алып жатыр...

Уәзір: Ортаға зор мәртебемен патша мен патшайымды және олардың ханзадаларын шақырамыз!!!

Ханшайымдар келіп сәлем береді.

Уәзір: Сұлу ханшайымдар, көптен күткен балл да келіп жетті. Өз өнерлеріңді ортаға салып отырыңыздар! Қане, кімнің қандай өнері бар?

Ақтолқын ханшайым: Мен сіздерге өз өнерімді көрсетейін, менің өнерім - ән айту.

Ән: Исаева Ақтолқын ; Жаңа жыл

Әнін айтып болған ханшайымнын қасына Бағдат ханзада барып:

Ханзада: Ақ көйлек киген ханшайым. Сіздің күміс көмей даусыңыз мені баурап алды. Менің жаңа жылдық жұбым болыңызшы?

Ханшайым: О, не деген бақыт! Ханзада сізбен жұп болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен қуана ұсынысты қабылдаймын!

Ханзада мен ханшайым қол ұстасып кетіп қалады. Көрермендер қол шапалақтайды.

Ортаға сұлу да сымбатты бір ханшайым шығады да:

Нұрсұлу ханшайым:Менің де өнерім бар ,халықты өзіме қаратып,ойын ойната аламын.Ойынның шарты:__________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нұрсұлу ханшайымның қасына Мейірхан ханзада жақындап келіп:

Ханзада:Ақылына көркі сай ханшайым менің жұбым болуыңызды сұраймын.Сіздің ойнатқан ойыныңызда,ашық жарқын мінезіңізде менің көңілімнен шықты .

Ханшайым:Сіздің көңіліңізден шыққаныма қуаныштымын.Сіздің жаңа жылдық жұбыңыз болуға келісемін.

Уәзір:Ханшайымдар ,кім шығады ?(ешкім үндемейді)Уәзір қыздарды аралап жүріп Аружан ханшайымды тауып алады да ,сұрақ қояды:

Уәзір :Сіздің киген киіміңіз ерекше екен ,қай елден келдің,сұлу ханшайым

Ханшайым:Мен көрші патшалықтан келдім.

Уәзір:Әдемі ханшайымныңда ,әдемі өнері бар шығар ,өнеріңізді ортаға салыңыз,мүмкін ханзадамызға ұнап қаларсыз.

Ханшайым:Әрине бар,менің өнерім ән айту.Сіздерге әнімді ұсынамын .

Әнақтыбаева Аружан; Келші жаңа жыл

Ортаға Дамир ханзада шығады :

Ханзада:О,ханшайым даусыңыз керемет екен ,менің жұбым болуға келісесізбе?

Ханшайым:Я,әрине бұл мен үшін үлкен бақыт.

Ортаға Бағдат ханзада шығып :

Ханзада:Ал жиналған қауым ,ханшайымдар дың өнерін көрдік енді менің өнерімді тамашалаңыздар.Менің сіздермен ойын ойнағып келіп тұр.Ойын шарты:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Уәзір:О,Мұхамедәли ханзада сіздің жұбыңыз қайда,жаңа жылды ханшайымсыз қарсы алмақсызба?

Ханзада:Мен қарап отырмын.Осы жердегі ең сұлу ханшайымды көріп отырмын.Сұлулығы сонша мен оның қасына баруға батылым жетпей отыр.

Мейірхан ханзада:Ағатай ол қыз кім? Қане көрсетші!

Ол сұлу қыз Гүлназ ханшайым болатын.Ханзада ханшайымның қасына барып :

Ханзада:Менің жұбым болыңызшы ,сіздің сұлулығыңызға тәнтімін!

Гүлназ ханшайым келіседі

Осы кезде хан орнынан тұрып :

Ханзадаларым,таңдауларың біздің көңілімізден шықты.Қане ортаға балдық билеріңді билеңдер.Рұқсат!!!

Балдық бирындайтын:11 сынып оқушылары

Би билеп жатқан кезде сағат тілі 12-ні көрсетіп дабыл қағылып,Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді,ханшайымдар жоқ болып кетеді.

Аяз ата :(өзінің тілегі айтылады)Неге мұңайып тұрсыңдар? Жаңа жылды барлығы қуанышпен қарсы алмайма?

Дамир ханзада:Аяз ата ,сізді қалаған тілектерді орындайды деп естіп едім.Менің мұңайып тұрған себебім ханшайымдарымызды жоғалтып алдық ,соны қайтаруыңызды сұраймын.

Аяз ата:Әрине,қазір

Ортаға ханшайымдар келеді.

Қуанышқа толы ханзадалар мен ханшайымдар ортаға билерін жалғастырады .

Балдық бирындайтын:11 сыныпның сымбатты ұлдары мен сұлу қыздары!!

Көрініс аяқталып ортаға 11 сыныптың дайындаған флешмобы шығады .

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсінҚуанышқа құшағың тола берсін.Ескі жылың есіркеп көкейіңдеҚимас шақтың бірі боп кала берсін!

Күміскүл апай

____________________

Ұлмекен апай

____________________

Асанғазы ағай

____________________

Ақерке апай

____________________

Қолтырауын

____________________

ҰБТ-ден жоғары балл ал!

____________________

Мұхамедәли

Сен әдемісің

____________________

Бізде биыл неге отырыспа болмайды?

____________________

Атыңызды айтасыз ба?

____________________

Нешеде келдіңіз?

____________________

Ұлтыңыз кім?

____________________

Жаңа жылыңызбен!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу