Құттықтау - тілек: Туған күн (Қарындасыма 18 жас)

Қарындасым!
Бүгін, міне, сен үшін
Аспан нұрдан әшекейін тағынды.
Күміс өзен күліп сылқ-сылқ ақты да,
Өзі құяр көк теңізін сағынды.
Бүгін, міне, сен үшін
Дала шат боп жасыл жібек жамылды.
Өйткені сен 18-ге толған күн!!!
Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің
"Он сегіз!!!" деп қоңырауы қағылды!
Сені бүгін 18-ге толды деп,
Ата-анамыз қуанысты, шаттанды.
Саған тілеп бақыт толы ақ таңды.
Мен де ағаң боп - бауырың боп қуандым,
Көргендей боп нұр жүзіңнен
Наурыздағы кіршіксіз бір ақ қарды.
Сенің жаның сол ақ қардай кіршіксізін білемін,
Армандарға толы сенің жүрегің.
Сондықтан да сен шыққанда 18-дің қырына,
Сол армандар орындалса екен дедім -
Тіледім!
Бүгін, міне, сен үшін
Аспан нұрдан әшекейін тағынды.
Күміс өзен күліп сылқ-сылқ ақты да,
Өзі құяр көк теңізін сағынды.
Бүгін, міне, сен үшін
Дала шат боп жасыл жібек жамылды.
Өйткені сен 18-ге толған күн!!!
Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің
"Он сегіз!!!" деп қоңырауы қағылды!
Сені бүгін 18-ге толды деп,
Ата-анамыз қуанысты, шаттанды.
Саған тілеп бақыт толы ақ таңды.
Мен де ағаң боп - бауырың боп қуандым,
Көргендей боп нұр жүзіңнен
Наурыздағы кіршіксіз бір ақ қарды.
Сенің жаның сол ақ қардай кіршіксізін білемін,
Армандарға толы сенің жүрегің.
Сондықтан да сен шыққанда 18-дің қырына,
Сол армандар орындалса екен дедім -
Тіледім!
Қарындасым!!!
Құтты болсын туған күнің бүгінгі!
Достарың да көрер сенің шаттық толы түріңді.
Саған бәрі,
бәрі мынау адамдардың тілекші,
Әкелгендей 18 жас ең бақытты күніңді.
Сен асықтың, білем, ылғи бүгінге,
Жазылып-ақ тұратұғын ішкі алаңың түріңде.
Бүгін сен де 18-дің құшаққа алдың шат гүлін,
Өмір - өзен,
Сол өмірде ешқашан да сүрінбе!
Аға болып, бір үйде ылғи өтсе-дағы күндерім,
Ағалықты қанша жасай алғанымды білмедім.
Маған жақсы сенің мынау тек көктемнен тұрмайтұғын өмірде
Көз жасынсыз жүргенің.
Туған күнің!!!
18-ге толыпсың.
Достарың да бүгін сені бұрынғыдан көп ұқсын!
Сенің мынау осы шақтан басталатын албырт, арман жолыңда
Тек жақсылық жолықсын!
Бүгін, міне, 18 деп бақыт таңы атыпты,
Сенен бұрын осы жастың бал дәмін
гүл өмірде талай әпке татыпты.
Сен кішкентай қыз едің,
Тоқтата алмас деген осы уақытты.
Саған бүгін 18 боп келсін барлық шаттығың!
Аға болып тілерім:
Өмірде бол бақытты!
Құтты болсын туған күнің бүгінгі!
Достарың да көрер сенің шаттық толы түріңді.
Саған бәрі,
бәрі мынау адамдардың тілекші,
Әкелгендей 18 жас ең бақытты күніңді.
Сен асықтың, білем, ылғи бүгінге,
Жазылып-ақ тұратұғын ішкі алаңың түріңде.
Бүгін сен де 18-дің құшаққа алдың шат гүлін,
Өмір - өзен,
Сол өмірде ешқашан да сүрінбе!
Аға болып, бір үйде ылғи өтсе-дағы күндерім,
Ағалықты қанша жасай алғанымды білмедім.
Маған жақсы сенің мынау тек көктемнен тұрмайтұғын өмірде
Көз жасынсыз жүргенің.
Туған күнің!!!
18-ге толыпсың.
Достарың да бүгін сені бұрынғыдан көп ұқсын!
Сенің мынау осы шақтан басталатын албырт, арман жолыңда
Тек жақсылық жолықсын!
Бүгін, міне, 18 деп бақыт таңы атыпты,
Сенен бұрын осы жастың бал дәмін
гүл өмірде талай әпке татыпты.
Сен кішкентай қыз едің,
Тоқтата алмас деген осы уақытты.
Саған бүгін 18 боп келсін барлық шаттығың!
Аға болып тілерім:
Өмірде бол бақытты!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Автор: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ | 15 837 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Құттықтау - тілек: Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Құттықтау - тілек: Туған күн (бауырыма)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Құттықтау - тілек: Туған күн (жан құрбыма)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Құттықтау - тілек: Туған күн (қызға, қыздарға)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Құттықтау - тілек: Туған күн (Гүлжан апай)

Тақпақтар жинағы
Қазақша тақпақ: Туған күн

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Бөбекке тілек)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қарындастың ағаға тілегі)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Жандарбек Жұман (Қарындасым)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Құт болсын бақытыңның орамалы)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әпкенің тілегі)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Сен алтыға толған ұл)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Махаббат & Ғашықтар күні (SMS)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге)

Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Апа, Әже - Мерейтой 50 жас)