Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Он сегіз 18 жас) » ZHARAR © 2017 | 18 жас туған күнге тілектер , туған күнге арналған тілектер 18 жас ,поздравления на казахском с днем рождения 18 лет,Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Он сегіз 18 жас), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Он сегіз 18 жас), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, (Он сегіз 18 жас)




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Он сегіз 18 жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Он сегіз 18 жас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Он сегіз 18 жас) на казахском языке

Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,
Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз,
Бәрін - бәрін сезімге бағындырған он сегіз,
Сенің үнің құралған арын жырдан, он сегіз.

Жапырақ мінез, жел қөңіл, алып ұшпа он сегіз,
Дүниені ізгі деп, танығыш та он сегіз.
Біреуге жаз, біреуге сағыныш та он сегіз,
Жанарлардан үздіксіз жалын ұшқан он сегіз.

Жауынымен, дауылмен қуаттаған он сегіз,
Бастау алған мөп-мөлдір бұлақтардан он сегіз.
Адамзаттың ары боп тұрақталған он сегіз,
Асарына сенетін әлі-ақ қырдан он сегіз.

Биік-биік армандары қанат қылған он сегіз,
Асау мінезді өмірге жараттырған он сегіз.
Жұмылмаған жанармен таң аттырған он сегіз,
Сағынамыз өзіңді біз бүгінде, он сегіз!

Ерке мінез, наз қылық, сұлу мүсін көрсе қыз,
Талай ерлік жасаған жігіт біткен, сенсеңіз.
Маусымың мен мінезің қуанасын келсе егіз,
Тіршіліктің көктемі – он сегіз!

Мәңгі он сегіз
Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де,
Еркіңіз көнбесеңіз, көнсеңіз де,
Арулар қартаймайды ешқашанда,
Бәрібір қыздың жасы – он сегізде.

Ақ тілек айтып қалсын кенен көмей,
Арулар болған емес өлеңге өгей.
Қыздардың жасын Қазақ сұрамайды,
Тұрады ол он сегізден «төмендемей».

Айналайын махаббаттың базарына,
Білесің жастық дәурен озарына.
Арудың нағыз жасы он сегіз жас,
Ешқашан көтерілмес жоғарыға.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 32 875
Рейтинг:
(голосов: 58)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .