10 Тамыз - Құрылысшылар күні

 10 Тамыз - Құрылысшылар күні

Дәл қазірде мамандықтың төресі,
Ескегі дәл мықты алып кемесі,
Құрылысшы еңбегімен ерлеген,
Бар ма осыған мамандықтың теңесі.
Еңбегін аманатқа жалғастырған,
Ұрпағының болашағын қамдастырған,
Тұрғызып зәулім сарай, еңселі үй,
Маңдай терін естелікке алмастырған.
Қолыңыздан күш кетпесін, ауырма,
Денсаулығың қарсы тұрсын жауынға.
Бақыт, байлық, достық, табыс кетпесін,
1001 алғыс құрылысшыдай қауымға.

Қыс та, жаз да жақсы күнін сыйласын,
Күз де, көктем мол табысын жинасын.
Құрылысшы мейрамыңыз құт болып,
Қуаныштан құшаққа гүл сыймасын.
Отбасылар аман болсын, адамдар,
Сіз қалаған кірпішпенен заман бар.
Есіміңіз естелік боп жанғырсын,
Зәулім қала аттағанда қадамдар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!