Абысын


Ақылды жан абысын,
Бөлісер бізбен табысын.
Туған күнің құт болсын,
Жаңылмай аяқ алысың.
Сыйлайсың әркез ағайын,
Жақыны мен алысын.
Мойныңа алқа тағайын,
Аман жүр шауып, абысын.




Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын жарқын етсін.




Отша лаула, сөнбегін, Еш жамандық көрмегін. Қосағыңмен қоса ағар, Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұста, ардақта, Үлкен ата-бабаңның. Ошақтан от кетпесін, Үйіңнен көп кетпесін, Адал болғын жарыңа, Лаула, оттай, жалында! Әумин!




Ашып өмір есігін нұрланды күн, Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін. Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар, Құтты болсын, _______ , туғанкүнің! Бақытты отбасының кеш ғұмырын, Өмір өзі жазады отты жырын. _______ дәм-тұзың құп жарасып, Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу