Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

 Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.

Ол еңбеккер, жәй еңбеккер емес, Қайраткер, оқымысты ғалым, Ұстаз. Әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп жүрген қоғамның белсенді Қайраткері. Күрделі жұмысымен қатар, ғылыммен айналысуға да уақыт тауып, кандидаттық қорғап алды. Оның білімі жоғары бағаланып, үнемі Басшылық жұмыстар тапсырылып келеді. Және оны абыроймен атқарып жүргенін бәріміз білеміз. Осы орайда оның Басшы Ұстаз, ғалым Ұстаз қасиеті көзге түседі. Ортасына сыйлы. Адамның бақыты деген сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Адамда арман көп, таусылмайды, оның да арманы көп болар, бірақ ол бақыттымын деп толық айта алады деп ойлаймын.

Біздің тілегіміз, төңірегіңе шашқан адамгершілік нұрың ортаймасын. Қашанда қадірлісіз. Өзіңізге де, үлкен апамызға да зор денсаулық, амандық тілейміз.

Ұжымым деп бәйек болып жүресіз,
Татулыққа, ырзалыққа дәйек болып жүресіз.
Жұмысымыз оңға басса, көтеріліп көңіліңіз,
Бал-бұл жайнап, шаттанып бір күлесіз!

Сіз тұрғанда қамқоршы деп білеміз,
Көшбасшыға алаңдамай ереміз.
Аналық та, даналық та бойында
Басшымызға өзгелердің қызығарын білеміз.

Отбасында ата-анаға кіші қыз да өзіңіз,
Оттың басын ұйытатын анасы да өзіңіз.
Отағасы ата, Сіз ене боп атанып,
Құдалардың ортасында мерейленіп жүресіз.

Туған күнге құтты болсын айтамыз,
Тойды тойлап шат көңілмен қайтамыз.
Жасқа жастың қосылған жақсы ғой,
Тілегіміз қабыл болсын айтамыз!

Өмірінде күйбең тірлігін ойламай
Ағайынның бірлігін ойлайтын,
Мал-мүлік, дүние жинамай
Достың сырын тыңдайтын.
Дастарханы жиылмайтын,
Көк шәйнегі суымайтын,
Шаңырағынан немерелердің
Сыңғыры, шуы тыйылмайтын,
Апамыздың туған күні құтты болсын!

Туған күнді тойлаған,
Шаттанады тойда жан.
Жасына жасты жаматып,
Қосады екен жылда адам.

Жылдардан өткен із қалды,
Самайды қырау боз шалды.
Өмірді өткен барласаң,
Көңілге түрлі ой салды.

Кешегі бұла кез қайда,
Ойнақы күлім көз қайда?
Талдырмаш бойлы, ай мүсін
Келісті, сұлу қыз қайда?

Бәрі де болған... өтті жаз,
Сыбызғы үнді кетті саз.
Аққу ма мынау кешегі,
Балпаңдаған мама қаз?

Жүректе сызат-әжімдер
Тағдыр салған “әзілдер”.
Мына өмірде кім-кімді
“Тақсырға лайық - тәжім”, – дер.

Осылай толғап кеткенде,
Есеп беріп өткенге.
Шарлап мына дүниені,
Шүкір дейсің біткенге.

Ортайма дейсің көңілім,
Қызық көргей өмірім.
Әділеттен нәр алып,
Марқайар талай көңілің!

Көңілге бүгін нұр толар,
Құшаққа тойда гүл толар.
Әр кездің өз қызығы -
Өмірдің әрі сол болар!

Құтты болсын келген Туған күніңіз,
Тілекші көп, біз де соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр-әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, ..., Туған күнің!

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
... дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!