Мұғалімге, ұстазға арналған 10 туған күнге тілек
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.
Ұстаз — деген білім беріп үйретер,
Ұстаз — деген көңілдің күйін тербетер.
Құтты болсын туған күнің ұстазым,
Қуантатын, бір бақытты күйде етер.
Жүзіңізден қуаныш ұстаз кетпесін,
Алла өзі жар боп сізге қорған боп.
Еңбегіңіз жана берсін ұстазым,
Бақыт, шаттық күтіп сізді алдан көп.
Жүз жасаңыз, жасыңызға жас қосып,
Өміріңіз қуанышта жалғасып.
Амандықта болшы ұстаз әрқашан,
Біз жүрейік ақ тілекті арнасып.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.
Ұстазым менің ұстазым жаны жайсаң,
Құтты болсын туған күнің бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін ұстаз сізге,
Сәттілікте өткізші деп әр күніңді.
Көңіліңіз жадырасын, жайнасын тек,
Қиындықтар, сынды күндер болмасын деп.
Жеке меншік мерекеңіз құтты болсын,
Тілеймін ұстаз «бар жақсылық орнасын» деп.
Бұл өмірдің сындары байқалмасын,
Жаңа жастың көріңіз тек шаттығын.
Еңбегіңіз ақталып жүз жасаңыз,
Артып ұстаз күн сайын бақытыңыз
Алпыстың асқарына аяқ басқалы тұрған біздің сүйікті де аяулы анамызды туған күнімен құттықтаймыз!
Құрметті, Ана! Сізді адал жар, бауырларыңыздың жанашыры, балаларыңыздың қамқоршысы, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы, немерелеріңіздің асыл әжесі болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, балалық ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап ұстаздардың бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.
Пайдалы сілтемелер:
Құтты болсын ұстазым, туған күнің,
Білім беріп өмірді гүлді еткен.
Бар бақытын, шаттығын сыйлай берсін,
Жаңа жасың ұстазым келіп жеткен.
Көңіліңізде қайғы-мұң болмасын еш,
Күн шуағын тілеймін аппақ таңдай.
Еңбегіңіз бағаланып, шаттаныңыз,
Жайма шуақ жадырап ұстаз жаздай.
Шалқып-күліп бақытты болыңыз сіз,
Жастан жасқа ұстазым жетіп аман.
Саулығыңыз ұстазым мықты болып,
Күндеріңіз көп болсын жарқыраған.
Тұлғамды сен ашпасаң не етер едім,
Білімнен мақұрым болып кетер едім.
Алғашқы білім берген ұстазым сіз,
Өзіңді биік шыңға көтеремін.
Ұстазым құтты болсын мерекеңіз,
Жаңа жас қуанышын сыйлап сізге.
Өлеңмен ұстаз сізді тербетеміз,
Әлемнің бар жақсысын жинап сізге.
Жастан жасқа амандықта жетші ұстаз,
Әр басқан қадамыңыз оңды болып.
Ғұмырлы боп, жүз жасаңыз апайым сіз,
Әрбір жылы жаңадан жасқа толып
Ең алғашқы әріптерді үйретіп,
Білім берген ай дидарлы ұстазым.
Құтты болсын туған күнің, мерекең,
Бастауышта білім берер ұстазым.
Алға қарай мына бізді жетелеп,
Үйреттіңіз жазу менен сызуды.
Үйреніп ұстаз өзіңізден жақсыны,
Келем сіздің қайталап басқан ізіңді.
Құтты болсын туған күніңіз ұстазым,
Бар әлемнің бар бақытын тілеймін.
Алла жар боп ұстазым менің мейірімді,
Амандықта ортамызда жүр деймін.
Сынып жетекші ұстазым, жүрегі кең,
Бар жақсыны әрқашан біле білген.
Құтты болсын бүгінгі төл мерекеңіз,
Үн қатамын жүрек жарды тілегіммен.
Жаңа жастың сезініңіз бар жақсысын,
Туған күнде ұстазым гүлдей жайнап.
Жүзіңізден қуаныш кетпей апай,
Амандықта жүріңіз күліп-ойнап.
Жастан жасқа амандықта жетіңіз сіз,
Сынып жетекші ұстазым күлім қағып.
Еңбегіңіз жанып ұстаз жүріңіз тек,
Жұлдыздайын жарқырап, жымың қағып.
Білім беріп біздерге үндеп жүрген,
Сынып жетекші ұстазға алғысым көп.
Бар жақсыны біздерге арнап жүрген,
Болсын ұстаз әрқашан көңліңіз тоқ.
Құтты болсын жеке меншік мерекеңіз,
Білім берер ұстазым жаны жайсаң.
Жастан жасқа амандықта жетіңіз деп,
Өзіңізге шын жүректен тілек айтам.
Таусылмайтын ұстазым, бақ тілеймін,
Қуанышы, шаттығы көп сәт тілеймін.
Еңбегіңіз бағаланып жоғарыдан,
Мақтауы бар апай сізге хат тілеймін.
Қажетті сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?