17 Тамыз - Спорт күні

 17 Тамыз - Спорт күні

Тер төккен жеңіске жетуге,
Талпынған мәреден өтуге.
Спортшы елімнің мақтаны,
Сенімен мерейім бекуде.
Қажыма, қаймықпа, тартынба,
Қайту жоқ елімнің салтында.
Қазақтың айбынын көтерер,
Күтіп тұр болашақ алдыңда.

Еліктеп өсер спортшыға әр бала,
Қошеметтер сезіп бақыт кең дала.
Елің тұрар елең қағып жеңсін деп,
Саламатты ел тірегі сен ғана.

Шүберекке жанды бірге түйеміз,
Жеңіс тілеп жігер тонын киеміз.
Алға батыр деп дем беріп айқайлай,
Жеңген кезде қуаныштан сүйеміз.
Жеңіс дәмі тәтті, шіркін, күлесің,
Ел үмітін көтересің білесің.
Қайтпас қайсар мінезіңмен адымдай,
Жеңіс орны тұғырыңа мінесің.
Елің тұрар мейірлене қараумен,
Батырына, батылына балаумен.
Әр жеңіске жеткен сайын қуанар,
Осыменен осынша деп санаумен.

Қазақтың қайтпас қызысың,
Спорттың гүлі, жырысың.
Қуантып барлық әлемді,
Тұғырда биік тұрысың.
Бұрынғы біздің аналар,
Жау шапса атқа мініпті.
Солардан қалған қайсарлық,
Біздің де бойға еніпті.
Жеңіске деген құлшыныс,
Қайрады қызды көрікті.
Қайсарға қайрат беретін,
Жан болсын енді бөрікті.

Аспанға атылды от шашу,
Тойладық жеңісті ел болып.
Болсыншы от шашу бақ шашу,
Өзгемен терезе тең болып.

Қазақтың батыр ұлдары мен қыздары,
Әнұранды жігерлене шырқады.
Алтын тағып өзге елдің жерінде,
Дем береді шын қуанып тұрғаны.
Мұқалмасын жігер, жүрің шат күліп,
Күттірмесін қолға тимей көп үміт.
Елің тұрар артта саған жеңсін деп,
Жүріңдерші ел қуантып шат қылып.

Тусың айың оңыңнан,
Тура жол шықсын жолыңнан.
Бақытың келіп мінгізсін,
Тұғырға алып қолыңнан.
Арманың сансыз көп болсын,
Жеңілген күнің жоқ болсын.
Алтынды алып әр сайыс,
Еліңнің көңілі тоқ болсын.

Самбошылар мықты біздің ойында,
Алып ұрар салып ала қойынға.
Күрескенде дес бермеген бабамның,
Қаны қалған тасып тұла бойында.
Күрес деме қызар қазақ, шаршы алаң
Жігерленер қайрат алып барша алаң.
Жауырыны жер тимесін қазақтың,
Тамсансыншы тек өзіңе барша жан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі