Қазақша Құттықтау - тілек: 9 Мамыр - Жеңіс күні » ZHARAR © 2017 | 9 мамыр құттықтау создер, 9 мамыр құттықтау тілектер, 9 мамыр куттыктау казакша, 9 мамыр жеңіс күні поздравления, поздравления на казахском 9 мая, куттыктау тилектер 9 май, 9 мамыр женис куни куттыктау, 9 мамыр женис куни куттыктау тилектер




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша Құттықтау - тілек: 9 Мамыр - Жеңіс күні казакша Қазақша Құттықтау - тілек: 9 Мамыр - Жеңіс күні на казахском языке

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте!

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді.

Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 66 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

Жан әке, Асыл әке, Ардақты әке,
Тірі болсаң жүрер едің 85-те.
Қан майданда, қан кешіп күткен күннің
Келе жатыр ** жылдық мерекең де.

Сұм соғыстан аман кеп, марқұм әке,
Ажал сені әкетті-ау жайлы өмірде.
Бұл қызықты көретін елмен бірге
Тағдыр шіркін өзіңе көпсінді ме.

**-жыл өтті, міне, содан бері
Еске аламыз өзіңді Жеңіс күні.
Сол жеңістің көрсеткен бұл жемісі
Ұрпағыңның есінде қалар мәңгі.

Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 19 412
Рейтинг:
(голосов: 3)

KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, 9 мамыр жеңіс күні құттықтау сөздері, 9 мамыр жеңіс күні құттықтау тілек, 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын, 9 мамыр жеңіс күні қазақша, 9 мамыр жеңіс күні, 9 май день победы поздравления на казахском, поздравления на казахском языке 9 мая, пожелания на казахском языке на 9 мая, 9 мамыр құттықтау создер, 9 мамыр құттықтау тілектер, 9 мамыр куттыктау казакша, 9 мамыр жеңіс күні поздравления, поздравления на казахском 9 мая, куттыктау тилектер 9 май, 9 мамыр женис куни куттыктау, 9 мамыр женис куни куттыктау тилектер, 9 мамыр жеңіс күні құттықтау сөздері, 9 мамыр жеңіс күні құттықтау тілек, 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын, 9 мамыр жеңіс күні қазақша, 9 мамыр жеңіс күні, 9 май день победы поздравления на казахском, поздравления на казахском языке 9 мая, пожелания на каз, Қазақша Құттықтау - тілек: 9 Мамыр - Жеңіс күні казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .