Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас) » ZHARAR © 2017 | Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас), поздравления с днем рождения на казахском языке 75 лет, поздравления с днем рождения на казахском языке , туған күнге тілектер 75 жас , туган кунге тилек 75 жас




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас) на казахском языке

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.

Жетпіс бесің жеті белес ортасы,
Асқар таудың сияқтанған жартасы.
Өсіп, өніп қанат жайсақ бүгін біз,
Әкелікті ақтай білген арқасы.

Құтты болсын, жетпіс бестің белесі,
Тоқтамасын өмір-кештің кемесі.
Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,
Мерейтойлар тойланумен келесі!,
- деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді.

 Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Жетпіс бес 75 жасқа Қазақша Құттықтау - ТілекЖан болған соң бауырмал да, жайдары,
Ынтымақтың Сіз ұйытқысы, қайнары.
Жетпіс беске жетіп тұрған жан аға,
Бұл әулеттің Сізсіз екен Айдары!

Ағайынның ақсақалы – өзіңіз,
Теберіктей батаңыз да,сөзіңіз.
Біз – баламыз, қолыңызға су құяр,
Сізді көріп тұрған кезде көзіміз.

Ақсақалсыз билік айтқан, қой дескен,
Қаншама ой шығады екен тойда естен...
Біздің тілек жүзге жеткін, жан аға,
Қол ұстасып жүріңіз көп, сан доспен!

 Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Туған күн Жетп3с бес 75 жас Қазақша Құттықтау - Тілек, туган кун 75 жас казакша куттыктау тилек,Жетпіс беске жетті менің ақ шалым,
Үнеміге қас-қабағы баққаным.
Ардақтым да, ақылшым да осы шал,
Тал бойынан тарыдай мін таппадым.

Шағала шақ он жетімде сырласқам,
Қияс ойлап, қиғаш жүріп, қырды асқам.
Қадам сайын Қадыр Алла жар болып,
Аражігім ажырамай жымдасқан.

Мінетін-ді жүйрік, жорға бір атын,
Мама, жуас, қойған жерде тұратын.
Кей-кездері ат қашты, - деп түн бойы,
Таң бозында үйге жетіп тынатын.

Өмір-майдан бұрқасынды, толқынды,
Түрен түріп тылсым дүние тоң, тынды.
Арғымақтың ақ жалына жармасып,
Талап, төзім тамшысымен мен нұр тұнды.

Көп белесті бірге асқан осы шал,
Жыр жалғанда сөзі нәрлі, тілі бал.
"Егеуханның Кәбі" атанған кәдімгі,
Аңызы бар, абыз болсын осы шал.
Кәп шалымды танып ал.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 18 054
Рейтинг:
(голосов: 7)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .