Құттықтау - тілек: Туған күн (әкеме, папа)

Құттықтау - тілек: Туған күн (әкеме, папа) казакша Құттықтау - тілек: Туған күн (әкеме, папа) на казахском языке

Ұл-қыз өсіріп, немерелерінің қымбатты анасы, сүйікті әжесі болып отырған 60-тың асуына шыққан .......... тұрғындары ........ пен ......... мерейтойларымен құттықтаймыз.

Құрметті........!

Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты,
Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың.
Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін,
Сөнбесін аулаңызда шамы Бақтың!

Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп Сіздерге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!

Ұл-қызының сезінумен арманын,
ойлай түғын әке асқар тау Жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз,
Әкеміздің 49-ға толғанын.
Кулбай Алиби

Кішкентайдан тәрбиелеп
Мәпелеп мені өсірген.
Қанаттың бірі болмаса,
Сүре алмаймын өмір мен.
Бір қанатым анашым,
Екіншісі әкем деп
Мақтаныш етіп келемін
Өмір бойы күлімдеп.
Деуші едім әрқашан
Қанатым сау болғанда
Кішкентайдан айырылдым
Кең пейілді әкемнен.
Көре алмаспын қайтадан
Көре де жүзін алмадым.
Сезе алмаспын қайтадан
Сезе де мен алмадым
Жанашыр әкемнің махаббатын.

ƏКЕ, САҒАН МƏҢГІЛІК АЛҒЫС АЙТАМ! Əке сенің атыңды құрметтеймін, Маған сенші, жаныңды мұңды етпеймін. Шүкір, АЛЛА сенімді бақ берген ғой, Алаң болма тегіңді кірлетпеймін. Маңдайыңнан əр аққан терің үшін, Саған төгем жырымның ең ірісін. Мен ғаламның жұлдызы боп кетсем де, Сен анамның сүйікті серігісің. Күмəн салып жүрсің-ау бекерге сен, Мен арманға жетемін, жетем десем. Өмір сүріп қайтемін, əке сені, Мəртебем деп, төбеме көтермесем. Орының бар алатын анық төрден, Биік тұрсын сол үшін алып белден, ...Əке, саған мəңгілік алғыс айтам, Маған асыл ананы тауып берген!
МұхтарЖақсылық

Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз.
Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп-ақ. Алдағы уақытта осы істеріңіздің жемісін көріңіз.

Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.


Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!

Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Сиынған ата бабам әруағы қолдасын!

Қалды артта
Жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.

Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.

Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.

Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.


Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.

Асқар тау тірегім – Асыл әке...

Сіз – теңіздің бастауы бұлақсыз,
Біз – көлдің сәні құрақпыз.
Сіз – сөздің басы сұрақсыз,
Біз - өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз – таудың шыңысыз, Әке!
Біз – сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңыз,

Әке!
«Әке – балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді.

Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!

Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.

Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын ......... жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.

Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.

Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.


Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын.
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.

Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.

Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.

Той бүгін, шалқар шаттық төріндегі,
Күн бүгін, нұрын төккен көгіндегі.
Жан әке, Сіз ғой биік асқарымыз,
Сіз барда шайдай ашық аспанымыз.
Жұп жазбай анамызбен ғұмыр бойы
Бақ таймай, ұзақ болғай жастарыңыз.
Жетпіске толған шақта жан әкеміз,
Жан сырды ақтарайық көңілдегі.

Біздерді сәби кезден қаз бастаған,
Сол кезде жастықтағы қалмас тұрған.
Әкенің жолын қуып ұрпағың да,
Ұстаздық ұлы жолды жалғастырған.

Білеміз өміріңде сан із барын,
Бес балаң маздап жанған жұлдыздарың.
Өзіңді мақтан етер, ұлағатты,
Беделді, сыйласын деп ұл-қыздарың.

Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,
Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.
Ағайын, дос-жаранға сыйлылығын,
Көргенде өзге жұрт та таңғалады-ай.

Өмірде күндер кешіп жарасымды,
Жинадың зерделі ой мен бар асылды.
Әлі де ұзақ жасап ортамызда –
Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.


Қызының әкесін туған күніне құттықтау тілек сөз

Әкешім,туған күніңмен!
Құттықтап келдім гүліммен.
«Ерке кыз» десең шаттанам,
Биязы,бапты үніңмен.
Асқар тау тірек данасың,
Отбасына панасың.
Еңселі ер боп жүре бер,
Анаммен тауып жарасым.

Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерек тектес шынарым, әкем!
…-жаста да еңселі кеуде
Мақтаныш етер ұраным,әкем!
Тұлпардай болшы,қартайма,әке,
Сұңқардай болшы,шалқайма,әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп,ортайма,әке!

Ел сыйлаған азаматсың ардақты,
Сөз саптаған ел ұйыған салмақты.
Ат үстінде өткізумен өмірді
60 жас та бүгін сені таңдапты.
Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!


Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!

Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғадың маған пана жел өткізбей.
Әке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!
Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бүр қуанып,бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым,панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр,мұңыңыз!

Ел сүйетін азаматсың ардақты,
Бақыт сені ең алдымен таңдапты.
Отбасы мен елге адал іс қылып,
Елу деген жасқа жеттің салмақты.
Жұмысыңның жемістері көп болсын,
Елің тыныш,көңілің тек тоқ болсын.
Денсаулығың мықты болып,мың жаса
Ел дегенде жүрегіңде от болсын!


Азаматсың ардақты ел сыйлаған,
Әке болып балаға күй жинаған.
Бүгінгі тойыңызда мына ұлыңның,
Қуанышы қойнына бір сыймаған.

Денсаулықты тілеймін қартаймайтын,
Шат көңілді тілейін ортаймайтын.
Бақытты да тілейін ең бастысы,
Абыройды тілейін шалқаймайтын.

Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілеймін!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан

Әкеме туған күніне арналған 60 жасқа құтықтау тілек сөз

60 деген алып тауға жеттіңіз,
Сайрап жатыр артыңызда соқпақ жол.
Небір асу белден батыл өттіңіз
Шықса да алдан шырмауы коп томпақ тор.
Барлык әке сіздей болсын бола алса,
Биік шыңға барып қонсын қона алса.
Бар биікті бағындырған,әкежан,
Өмір-базар,қала көрме оңаша.


loading...


KZ / Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, Қазақша Құттықтау тілек Туған күн әке Ана Мама Шеше, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Әке), Қызының әкесін туған күніне құттықтау тілек сөз, туған күнге тілек әкеге, туған күнге тілектер әкеге 50 жас, туған күнге тілектер әкеге 60 жас, поздравления с днем рождения на казахском языке папе, поздравления с днем рождения отцу на казахском языке, туган кунге тилек акеге 50 жас, туган кунге тилек акеме, туған күнге тілек әкеме, Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы Туған күн әке Қазақша Құттықтау Тілек Туган кун аке казакша куттыктау тилек Қазақша Құттықтау тілек Туған күн әке Ана Мама Шеше Қазақша Құттықтау - тілек, Құттықтау - тілек: Туған күн (әкеме, папа) казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения