» » » Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама)

Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама)

Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама) казакша Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама) на казахском языке
Ардақ тұтар абзал ағамыз ер-азаматтың кемел жасы елуге толуы - біз үшін үлкен қуаныш.

Ағайынға, жақын-жұрағатқа, қызметтес әріптестеріне ғана емес, өзін білетін барша жанға сыйлы, беделді ағамызды және онымен өмірдің қызық-қуаныштарын бірге бөліскен асыл жеңгемізді адал көңіл, ақ ниетіммен құттықтаймын.

Тағдыр ұзағынан сүйіндірсін, шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзбесін, мерейлеріңізді дәйім үстем етсін, балаларыңыздың қуанышына кеңелтсін.

Досқа адал, отбасының қорғаны,
Шын бақытты бағалаған қолдағы.
Бір өзіңді мақтан етіп жүреміз,
Шаттық тілеп әр күніңе алдағы.

Қуанышты еселі етсін Тәңірім,
Қызықты тек өте берсін өмірің.
Шаңырағың толы болып шаттыққа,
Өсіп-өнсін ұрпақтарың-тамырың.

Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын Өмір-өзен, базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.

Құтты болсын мерейтойың, белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып, жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, талай тойды көресің!

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғассын ақ таңдарың нұрын шашқан!

Несібе үзіп әр күннің үлесінен,
Шыға білдің әр істің үдесінен.
................... ............. ұлы деген,
Жұртымызға әйгілі бір есім ең!

Мінезіне бос еткен сабыр - ойды,
Бұл өмірде жігітсіз абыройлы.
Тойлап жатыр тойыңды ағайынның,
Бұл көрініс босатар тағы бойды.


Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,
Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық.
Өз күшіңмен келесің асыл аға,
Бақытыңды сәтімен қаластырып.

Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,
Құда жекжат, нағашы, қариямен.
Жүзге дейін талмастан, қажымастан,
Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!...

Қазақтың кең даласы жүректі,
Барша жанға аппақ, таза тілекті.
Бір атаның би ағасы бұл ағам,
Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

Қайырымды қолын созған сан досқа,
Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.
Бұл ағама арналатын сөз басқа,
Бұл ағама айтылатын ән басқа!

Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы,
Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.
Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,
Алатауға ту қадап та үлгерді.

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,
Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.
Тасқан жанның тас қамалын талқандап,
Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

Туған күндерің мен ардақты ағаларым

Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама)

Бұл өмірге келіп қалды екі ағам
туған күнің қатарласып атаған,
өмір жасың ұзақ болсын ағалар
қос туған күн міне бүгін жасаған.

Бір бірінен озып бірі қалмайды
ағаларым алтын менің жайдарлы,
кең пейілді ақ жарқынды ағалар
қос құлындай бір бірінен аумайды.

Екі ағамның мінездері жаны адал
туған туыс ағайынға бауырмал,
жеңгелермен күліп ойнап мың жаса
асыл жанды мейірімді ағалар.

Ертай ағам кең мінезді ардақты
бір саспайтын асыл ағам салмақты,
той томалақ не болса да бір өзі
ешқашанда еш нәрседен қалмапты.

Құдай қосты Бақыткүлдей жеңгемді
қол ұстасып бірге ағаммен жүргені,
Аллам қолдап бақыт қонсын басыңа
қос аққудай айдын көлде жүзгені.

Ержан ағам қиқар мінез жаратқан
елдің бәрін өз ауызына қаратқан,
Алла берген мінезі бар өзінің
сол мінезбен өзі бізді қуантқан.

Жұмағайша жеңгем менің еш саспаған
мінезіне ағамыздың өзі тағы шыдаған,
шыдамды да жігерлі де жеңгеміз
көке өзіңдей жеңге жоққой бір маған.

Ағаларым құттықтаймыз туған күнмен өзіңді
атап өтші туған күнді туыстармен көңілді,
Алла жар боп мың жасаңдар ағалар
қуаныш пен уайымсыз сүріші мына өмірді!!!

Ізгі ниетпен інілерің
Ерік Еренғазыұлы

Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек,
Жүресіз жүректерден жылу іздеп.
Алатау – арқа сүйер ағамызсыз,
Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп.

Ізетті қалпынан еш өзгермеген,
Инабатты, көлденең сөзге ермеген.
Жақсылық жасадым деп дандайсымас,
Бәрінде парасатпен безбендеген.

Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр,
Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар.
Өзіңдей көріп жұрттың барлығын да,
Жасауға бір жақсылық күнде асығар.

Дауырығып бостан босқа ісінбеген,
Өзгеге көлеңкесін түсірмеген.
Адамсыз шен-шекпенге қызықпаған,
Әр сөзің дәлелденген ісіңменен.

Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз,
Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз.
Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге,
Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.

Биігіне шығып талай асқардың,
Өз салаңды адалдықпен басқардың.
Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,
Жолын аштың соңыңа ерген жастардың.

Келе жатқан асқар тауды сағалап,
Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат.
Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді,
Отбасыңа сая болсын Сағадат

Пейілің кең ешқашанда жұтамас,
Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш.
Бауырларың – жал құйрығың, қанатың,
Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.

Ағам қырыққа толғанда
Таң күліп,
Жұлдыз жанып пейіліңе,
Халықтың кірдің, сірә, сеніміне.
Бұл күні салауатты жігіт көрем,
Басылған жастық шақтың желігі де.

Жеңгеміз Жүр көшіңді өрге сүйреп,
Келеді тірлігіңнің керуені боп.
Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,
Ойлағын бір құдайдың бергені деп.


Жан Аға, өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңіліңнің төріндесің.
Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

Келеміз қиялардан күн кешіп те,
Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.
Тербеткен анамыздан айналайын,
Үш ұл алты қызды бір бесікте.

Жақсы Аға күнде шуақ жАғар жанға,
Мерейім өсіп тұрар Ағам барда.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға.

Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Қарасай баба рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.

Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,
Тілеймін сАған әркез жарқын бақыт.
Ағаға арнап бауыр махаббатын,
Жүремін жүрегімді мен тулатып.

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,
Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.
Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,
Жан Аға, періштеңдей қоршап жүрем.

Анарың – аялдАған асыл жарың,
Ұлдарың – ұлан асу, жасыл бағың.
Қайда деп қарындасым іздегенде,
Мен де әркез, асыл Аға, қасыңдамын!

Аға, сізді ойласам, шаттанамын,
Тербеледі толқындай бақ талабым.
Жүрегімде өзің деп оянады
Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.

Шүкір деймін өзіңдей жан барына,
Жақсылықты тілеймін жалбарына.
Сіздей Аға бар болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды алдарына.

Бүгін біздің отбасында той-думан,
Бәрімізден жаны жайсаң - сой туған.
Аға сенің құттықтауға бас қосты,
Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған.

Отыр әне, төр басында әкеміз,
Қасында оның гүл жайнайды тәтеміз.
Әке-шеше бізді аялап өсірген,
Кешіретін болса-дағы қатеміз.

Аға-іні, қарындастар, аналар,
Жезде, жеңге, қайынене, аталар.
Тілек айтып, келіп отыр тойыңа,
Қабыл болсын берілетін баталар!

Келіп отыр: Ағайын-жұрт, достарың,
Ауылдағы сыйлас, сырлас жас кәрің.
Бақыт, байлық, ұзақ ғұмыр тілеуде,
Сұлу сөздің түсінеміз астарын.

Болсаң-дағы көп ұл-қыздар біреуі,
Аға сенің қарашаңырақ тіреуі.
Ел ішінде жүргеннен соң мүмкін ғой,
Бірі мақтап, бірі даттап - іреуі.

Тіршіліктің қызығына жайраңдап,
Күле берші, жүре берші сайрандап.
Үлкен-кіші, туыс-туған сүйсініп,
Жібек жіптей мінезіңе қайран қап.

Таси берсін дариядай дәулетің,
Бақыт қонып, жарқырасын сәулетің.
Балаларың қызығын көр, ата бол,
Өсіп-өніп, өркен жайып әулетің.

Қайырым мен мейірімнен жаралған,
Кісілік пен ізгіліктен нәр алған.
Жан шуағың жылытады жүректі,
Күн нұрындай жер-әлемге таралған.

Ақкөңілсің, періштесің баладай,
Пейілің де мына дархан даладай.
Сол мінезің болсын бізге жұғысты,
Кедей де өзін сезінші бір шала бай.

Ауылдасын Ағайынға балАған,
Елге сыйлы, жарға адал, балажан.
Ата-ана, бала-шАға қамқоры,
Бәрімізге қадірлісің жан Ағам.

Қандай жақсы сендей бауыр болғаны,
Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі.
Менің үшін зор қуаныш, ұлы той,
Жан Ағаның қырық жасқа толғаны.

САғалАған Көксу өзен сауырын,
Той тойлауда елің-жұртың, ауылың.
Жалбарынып Жаратқаннан тілеймін,
САған бақыт, ұзақ ғұмыр, бауырым!

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.

«Ағасы бардың жағасы бар»,
Асқар таудай панасы бар.
Алдыңа бастау жолды көрсететін,
Жанашыр адал көңіл санасы бар.
Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.


Арқа сүйер ағам менің тірегім,
Туған күнде саған бақыт тіледім.
Мақсатыңа межелеген жете бер,
Аспан ашық, шатты болып жүрегің.

50 жасың, Ағатай, болсын құтты,
Әлемдегі тілейін бар жақұтты.
Отбасыңның тірегі, жүрегі бол,
Көре берші қуанышты бар бақытты.

40-тың қырқасына шықтың,Аға,
Бола білдің ініңе ақыл, жаға.
Істеріңе тәнті болам адал жүрек,
Бағалаймын 100-бен тек берсем баға.
Отбасыңның, еліңнің тірегісің,
Елжіреген кішіге жүрегің тым.
Ауырма, бақыт бағы ашсын есік,
100-ге жет жеңгемменен тілерім шын.

Бастауысың әр істің,
Қайнарысың бар күштің.
Ағатайым, құт болсын,
Туған күнің табыс күн.


35-ке толды ағам бүгінде,
Шаттанамын сенің туған күніңде.
Шаңырақты көтерген керегесің,
Мақсатыңа жетіп әркез күлімде.

60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.
Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау,жарыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.

Шаңырақ биік болып, ортаймаңыз,
Әр күнде шаттық болып той тойлаңыз.
Немере, шөберенің бәрін көріп,
Жасыңыз 100-ге жетіп қартаймаңыз.

Қос қанат қос ұлыңыз қуат берсін,
Келіндер сыйлап сізді шуақ берсін!
Бақыт, байлық барлығын Жаратқаннан
Періштелер өзіңізге сұрап берсін!

Автор: zharar888 | 258 655 | 29.11.2012


Загрузка...

KZ / Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, Туған күн Аға қазақша Құттықтау тілек, туган кун ага казакша куттыктау тилек, ағама тілек туған күн, туған күнге тілек ағама, туган күнге тилек агама, туған күнге құттықтау ағама, поздравления с днем рождения на казахском брату, туган кунге тилек агама, Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы Туған күн Аға қазақша Құттықтау тілек туган кун ага казакша куттыктау тилек ағама тілек туған күн туған күнге тілек ағама туган күнге тилек агама туған, Құттықтау - тілек: Туған күн (ағама) казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения